"Құран туралы айтса қашатынмын". Айдана Меденова дінге неге бет бұрғанын айтты

Әнші, актриса Айдана Меденова көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді. Өзінің дінге қалай келгені туралы айтып, TikTok парақшасына видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz."КешYOU" тобының экс-солисі, әнші Айдана Меденова өнерден кетіп, дінге түбегейлі бет бұрғанын өнерпаздың тыңдармандары қабылдай алмады. Әншінің айтуынша, оны арабизм деп сөккендер де табылыпты."Сіздер мені әнші ретінде білесіздер. 5 жасымнан бастап ән салып, сахнада жүрдім. Өзім өнерлі отбасыда туып, өстім. Содан шығар, өзімді әнші деп ғана елестететінмін. Сахнасыз өзімді елестете алмайтынмын. Бірақ адамның ойы өзгереді екен. Мен кішкентай кезімнен "Біз не үшін өмірге келдік? Біздің өмірлік миссиямыз қандай?" деген сияқты сұрақтар қоятынмын. Қазір дінге бет бұрғалы көп дүниеге басқаша қарай бастадым. Мен орамалды бір сәтте, болмаса біреуге еліктегеннен таға салған жоқпын. Бірақ әлеуметтік желілерде "біреуге еліктедің", "мұныңыз арабизм" деп мені кінәлап жатыр. Мен үшін ең қиын кезең 15 жасымда болды. Анам қайтыс болды. Түңілгенім соншалықты, атеист болып кете жазадым. Сырттай сау болсам да, жан дүнием өлгендей күй кештім. Бірақ сол кезде де Алланың қолдауын сездім. Анамнан ерте айырылғандықтан ерте есеюге тура келді. Өз бетімше оқуға түстім, тынбай еңбектендім, жәймен арман-мақсаттарыма жете бастадым. Өнер адамы болғандықтан ойлағаным: үлкен сахна, танымалдық, қомақты гонорар, сән-салтанат, сыйлықтар болатын. Аталғандарға ақырындап жете бастадым. Барлық белгілер, дұрыс ойлар Алладан екенін сезетінмін және оған қатты сенетінмін. Бірақ жанымдағы адамдар дін, Құран туралы айта бастаса мен қашатынмын. Мен жақсы адаммын, ешкімді алдамаймын, өлтірмеймін, ниетім таза, бастысы Аллаға сенемін деп ойлайтынмын. Сол сөздерім үшін қатты өкінемін", – дейді Айдана Меденова.Желі қолданушылар түрлі пікір қалдырған."Кешірім сұраймын бірақ мен бұрында Айдананы өз күйеуінен қызғанатын едім, бірақ казір қуаныштымын", "Шешінгеннен қорықпай киінгеннен қорқатын заман-ай", "Хиджаб киіп,намазға жығылу әркімнің қолынан келе бермейді", "Аллаға шүкір! Жарайсыз! Алла тура жолдан айырмасын. Сіз үшін қуаныштымын!", "Көп адам сіз сияқты бола алмай жүр", "Ешкімді тыңдама!", - деп жазды олар.Айта кетейік, әнші Айдана Меденова өнерден кетуі туралы сұраққа осы жерде жауап берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
«Астана» - «Челси» матчынан кейін Алматы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды
«Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Нұрбек Оралбай 50 мың доллар сыйақыға ие болды
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді
“Астана“ - “Челси“ матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді