«Құрбан айтты пайдаланып, бағаны көтеру күнә деп санаймын», - кәсіпкер

Құрбан айт мерекесі жақындап келеді. Қазірдің өзінде қойдың бағасы аспандап тұр. Салмағы, жасына қарай қымбат. Тіпті 100 мың теңгеден асатындары бар. Қасиетті мерекеге дайындық барысын Ақтөбедегі әріптесім бағамдады.Мал базарында сауда қызып тұр. Үлкен қойдың бағасы 70 мың теңгеден асады, ал ісек бағасы 60-65 елу мың теңгеге дейін жетеді. Баға түліктің семіздігі мен жасына қарай өседі. Әбулайыс ОСПАНОВ, КӘСІПКЕР: Қойға сұраныс тамаша. Өйткені қыста ірі қара мал өтеді. Жазда ұсақ мал жақсы өтеді. Құрбан айтта баға қымбат бола ма дейді барлығы. Қалай бар баға солай болады. Құрбан айтты пайдаланып, бағаны көтеру күнә деп санаймын. Ерұлан ЫСЫМОВ, КӘСІПКЕР: Жылдағыдай баға. Өсіп тұрған жоқ. Қайта бәсеңдеген. Үлкен қой 70-80 мың. Одан да төмен түседі ғой, 60-65 мыңға да бар. Халықтың жағдайына қарайсың ғой. Қазір халық шектікке алып жатыр. Биыл құрбандық шалуға Ақтөбенің өзіңде төрт арнайы орын белгіленген. Санитарлық талаптарды сақтап тек сол белгіленген орындарды құрбандық шалынуы тиіс. Ал құрбанға шалынған мал етін бөліп берген жөн. СЕРІКЖАН ЕНШІБАЙҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ: Құрбандық еті үш бөлікке бөлініп, бір бөлігі өз отбасы, туыс-туғанға, екінші бөлігі көрші-қолаң,жақын көршіге таратып берсеңіз. Ал үшінші бөлігін мұқтаж отбасыға үлестірген абзал болады. Ал құрбандық шалуға ниет еткен бірақ уақыты болмай жатқан жандарға қашықтан «Құрбан-2023 кз» сайты арқылы онлайн құрбандық шалу қызметі де қарастырылған. Қаржысын салып, аты-жөнін тіркеген адамдарға арнайы есепшот ашылған. Оларға малды сою барысы бейнежазба арқылы есеп беріледі. Және қалауы бойынша еттің үштен бір бөлігі үйіне жеткізіледі. Нұрбол СМАҒҰЛОВ, «НҰР ҒАСЫР» МЕШІТІНІҢ НАЙБ ИМАМЫ: Біз сол күндері шалуға тапсырыс бергендердің өздеріне видеоға түсіріп, аты-жөні айтылып, есептері ватсап нөмірлеріне жіберілетін болады. Ал ет алуға өтініш бір күн қалғанда ашылады мұқтаждарға. Қала бойынша мыңдаған мұқтаж жандардың үйіңе жеткізіп беретін боламыз. Құрбан айт 28 маусымнан басталып үш күнге жалғасады. Қаладағы сегіз мешіттің жанында киіз үйлер тігіліп, мерекелік шаралар, түрлі ұлттық спорттық жарыстар өтеді деп күтілуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері