“Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов әріптесі Жігер Ауыпбаевтың су жаңа әнін қолдап, Instagram парақшасына видео жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Әнші құмар ойын туралы фильмінің жалғасын түсіріп жатқанын көрсетті.“Досымның әні Tik Tok желісінде хит болып жатыр екен. Сіздер қалай қабылдайсыздар?” – деп оқырмандарына сұрақ қойды. Видео желісінде әнші жолына кездескен адамдарға ашуланғандай кейіп танытып, қолына түскен заттарды лақтырмақ болды. Оны көрген жұрт пікірі екіге бөлінді. Әншінің видеодағы әрекетін оқырмандары мас адамға көбірек ұқсатып отыр. “Орындықпен ұрғанша, күрек лақтырмадың ба?”, “Клоун болып кеттің”, “Әншілер шегіртке болып жүр” деген негатив пікір жазып жатқан оқырман санында шек жоқ. Бағлан Әбдірайымовтың өзі әр пікірге реакция білдіріп, оқырмандарын көңілге қатты алмауға шақырды. Айта кетейік, Tik Tok желісінде Жігер Ауыпбаев “Жоғал әрі” әнінің бейнебаянынан үзінді жариялап, жұрттың талқысына түскен болатын.