Қазақстан күрес федерациясы биылғы Қазақстан біріншілігі өтетін мерзімді жариялады.Ел чемпионаты 1-5 ақпан аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-жек" сарайында өтеді. Қазақстан біріншілігінің жарыс кестесі: 1 ақпан: Грек-рим күресі, 55, 63, 72, 82, 97 келі 2 ақпан: Грек-рим күресі, 60, 67, 77, 87, 130 келі 3 ақпан: Әйелдер күресі, 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келі 4 ақпан: Еркін күрес, 57, 65, 74, 86, 92 келі 5 ақпан: Еркін күрес, 61, 70, 79, 97, 125 келі Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша лицензиялық турнирде бақ сынайтын балуандар анықталады. Ал Париж Олимпиадасына жолдама алған Азамат Дәулетбеков (еркін күрес) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (84 келі) ұлттық чемпионаттан босатылды.