Құрманғазы ауданының шаруалары шу көтерді

Құрманғазы ауданына қарасты Бөкейхан ауылдық округінің шаруа қожалық иелері Аршын, Байқара арналарында жүргізіліп жатқан түп тереңдету жұмыстарына қарсы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Шаруа қожалық иелері наразылықтарын әлеуметтік желілер арқылы білдірді."Уақытша салынған бөгеттерді алып тастауды талап етеміз. Түп тереңдету жұмыстары салдарынан канал бойындағы терек түптері жұлынып, жайылымдық жерлер бүлініп жатыр" дейді шаруалар.Осыған байланысты, Құрманғазы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысы Асқар Мұфтах, мердігер мекеме "Павлодар өзен порты" акционерлік қоғамының аудандағы өкілі, учаске басшысы Бауыржан Нұрғалиев шаруалармен кездесті.Белгілі болғанындай, қазіргі кезде Қиғаш өзенінің су көлемін ұлғайту және гидрологиялық режимін жақсарту мақсатында Бөкейхан ауылындағы Байқара каналын түп тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. Учаске басшысы Бауыржан Нұрғалиев канал бойына салынған бөгеттер алынып тасталатынын айтты. Сонымен қатар, ол жоба бойынша арналар тереңдетілген кезде кездескен кедергілер жойылуы керектігін, атап айтқанда, өзен астындағы тамырсыз терек түптері қазылып алынып, шығарылатынын айтты.Құрманғазы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Асқар Мұфтах жергілікті шаруалардың көтерген мәселелері қараусыз қалмайтынын айтты."Тереңдету жұмыстары толық аяқталған соң, рекультивациялық жұмыстар, яғни, шыққан топырақтар жазылып, жайылымдық жерлерге зияны тимеуіне аса назар аудару керек" деді Асқар Мұфтах. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты