Еліміздің емханаларында жасанды ұрықтандыру бағдарламасының бағасы тиімді, ал заңнама суррогат ананың қызметін пайдаланатын жұптар үшін ыңғайланған. Сол себепті өзгенің перзентін 9 ай құрсағында көтеретін әйелдер көбейіп келеді. Құрсақ аналардың қызметі 2,5 миллион теңгеден басталады.Құрсақ ана іздесең ғаламтордан қиналмай табасың. Қызметтің бұл түрін ұсынатындардың дені 18-30 жас аралығындағы қыз-келіншектер. Олардың қояр өз талаптары бар. Жатырын жалға беретіндердің құны да әртүрлі. Гонорарым орташа есеппен 6 миллион теңге. Оны бөліп төлеуге болады. Одан бөлек ай сайын балаға қатысты барлық қажеттіліктерін көтеріп отырасыздар. Және айына 150 мың теңге бересіз. Егіз болып жатса үстіне тағы қосылады. Барлығы заң түрінде болады. Нотариусқа барып келісімшартқа отырамыз. Жатырын жалға берушілердің құны әр жерде әр түрлі. Ең арзан бірақ ең қауіптісі — әлеуметтік желілердегі жеке жарнамалар. Суррогат аналар 2,5 миллионнан - 9 млн теңгеге дейін ақы алады. Екінші нұсқасы — репродуктивті медицина клиникасына тікелей хабарласу. Бұл жердегі әйелдер қызметінің құны 3–7 млн теңге. Мамандандырылған мекемелерге жүгінгендер 4,5–8 млн теңге аралығында төлем жүргізеді. Сондай-ақ ресейлік агенттіктердің Қазақстандағы суррогат аналардың қызметтерін жалға алуы. Мұндай жағдайларда құны жоғары: 7 млннан-13 млн теңгеге дейін. Бұл қызметке сұраныстың жоғарылығы сонша, қазір еліміз бойынша заңды түрде 15-тен астам суррогат ана орталығы жұмыс істейді. Жылына, шамамен 500-600 отбасы құрсақ ана көмегімен балалы болады екен. Баян ӘБДІЛМАНОВА, ДӘРІГЕР РЕПРОДУКТОЛОГ:Біздің орталықта жылына 25-30 суррогаттық программа жүргізіледі. Ал еліміз бойынша бұл программалардың барлығы 600-ден асады. Құрсақ ана болғысы келетіндер көп. Оларды бұған итермелейтін басты фактор - материалдық жағдайлары. Себебі суррогат аналарға төленетін қаржы аз емес. Бізде кез келген қыз-келіншекті құрсақ ана ретінде қабылдамаймыз. Олармен күрделі психологиялық жұмыстар жүргіземіз. Желіге суррогат ана болам деушілерден бөлек оларды іздеп жатқандардың да хабарландырулары көп. Дені 40-тан асқан әйелдер. Өзім туа алмаймын. Сол үшін іздеп жатырмын. Екі түрлі жолмен көтереді: эмбрионмен немесе табиғи. Эмбрион бұл қалжың емес. Табиғи деген сол төсек арқылы. Мен солай шештім. Уақытым да жоқ. Бала керек болғандықтан барлық жағдайды жасап отырмын. Ол міндетті түрде менімен тұрады. Өзім бақылауға аламын. Расымен жатырды жалға беру шариғатқа қайшы. Дін өкілдері суррогат жолмен дүниеге келген бала некесіз туған боп саналады – дейді. Сансызбай ҚҰРБАНҰЛЫ, ҚМДБ ЖАНЫНДАҒЫ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:Жалға берілетіндей адамның құрсағы, бұл рұқсат берілген зат емес. Біреу өзінің үйін, өзінің көлігін, өзінің ыдысын жалға беруге болады. Ал әйелді, некелі әйел өзінің ғана күйеуіне халал болады. Көп мемлекетте құрсақ ана қызметіне қатаң тыйым салынған. Мәселен, Австрия, Германия, Франция, Норвегия, Швеция және АҚШ-тың кей штаттарында мұндай «жалған ата-аналыққа» жол жоқ. Сондықтан сәбилі болуға қауқарсыз шетелдіктер біздің елге ағылады. Әсіресе Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан және іргелес Ресейдің азаматтары көп келеді.