"Құрылтай – халқымыздың тарихи жадын сақтап қалуға ықпал етеді",-тарихшы

«Президенттің Жолдауы мемлекетімізді бір жыл ішінде бірқатар оң өзгерістерге алып келді». Алматыдағы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының тарихшылары бірауыздан осылай дейді. Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ел дамуының алғышарты болды. Тарихшылар азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлінің артқанын жоғары бағалап отыр. Сондай-ақ ел үмітін ақтаған Ұлттық құрылтайдың шақырылуына тоқталды. «Құрылтай – көшпелі демократияның формасы, ол халқымыздың тарихи жадын сақтап қалуға ықпал етеді»,- дейді тарих ғылымдарының кандидаты Ақсұңқар Абдулина.Ақсұңқар АБДУЛИНА, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Жолдаудан кейін бірқатар оң өзгерістерді, оның ішінде экономика саласындағы өзгерстерді байқап отырмыз. Сондай-ақ Қазақстан суперпрезиденттік жүйеден мықты парламенті бар президенттік жүйеге көшті. Тамыр-таныстық түсінігі жойылуда. Конституциялық соттың құрылғаны да үлкен маңызға ие. Жолдауда еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру мәселесі де көтерілді. Нәтижесінде, Жетісу, Абай, Ұлытау облыстары құрылды. Сондай-ақ Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына көшті. Шәмек ТІЛЕУБАЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл облысқа өте қажетті дүние. Әр жақтан да, бер жақтан да қатынауға өте қолайлы болады. Инфрақұрылымына келген кезде, онда қазір үлкен құрылыс жұмыстар жүріп жатыр. Болашақта Қонаев қаласы керемет гүлденген орталыққа айналады деп үміттенеміз. Және сол бағытта мемлекет тарапынан үлкен жұмыстар жасалып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Азаматтық қоғамда ақша жымқырғыш ұйымдар көбейіп кеткен – сарапшы
Желіде Алматы метросындағы жігіттің рельске құлаған сәті бейнеленген видео тарады
Президент Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды