Құрылысты дұрыс бақыламаған батысқазақстандық 15 шенеунікке айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған шенеуніктерге айыппұл салынды. Бұл туралы мемлекеттік сатып алу порталында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізген заңгерлер мәлімдеді. Осылайша қызметіне салғырт қараған 15 шендіге 6,5 миллион теңге айыппұл салынған. Олар мердігерлердің жұмысын бақыламай, заңсыздыққа жол беріпті. Осының кесірінен мектеп пен балабақша секілді әлеуметтік нысандарды жобалауда қате кетіп, құрылыс мерзімінен кешіккен. Ал мектебі уақытылы салынбай далада қалған оқушылар басқа ғимараттарда оқуға мәжбүр. Бүгінде өңірдегі әрбір төртінші нысан уақытылы салынбайды, дейді заңгерлер. Бауыржан ЗӘКИ, ЗАҢГЕР:Бұл жерде бақылаушы органдар көп былай қарап тұрсаңыз. Ол тек мердігерге керек емес. Тапсырыс беруші бар, оның қадағалаушы техникалық қадағалауы бар, авторлық қадағалауы бар, аудит бар. Сол жердің прокуратурасы бар. Жеме-жемге келгенде мердігерлер осының барлығына көзін жұмып қойып, алдай ма, сулай ма, басқа бір амал-айлаларын жасай ма екен, біз оны білмейміз. Сол құрылыстар бітпей, уақытында аяқталмай тұрады. Мұны шенеуніктер де мойындайды. Айтуынша, облыстағы 13 нысанның құрылысы белгіленген мерзімінде аяқталмапты. Бұл аздай тендерді ұтып алған компаниялардың дені - басқа қаладан келген. Сондықтан техникалық жарақталуы көңіл көншітпейді. Ринат ҒАЙНУТДИНОВ, БҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:Басқа қалалардан келген компаниялардың материалдық-техникалық базасы жоқ. Бұл аздай құрылыс материалдары қымбат әрі жобалау кезінде тапсырыс берушінің қателігінен салынар нысанның құжатында кемшіліктер кетіп жатады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Каспий теңізін құтқаруға бағытталған жаһандық қозғалыстың тұсауы кесілді
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар қандай
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
«Ата-әжесіне қамқор болды». Метрода қаза тапқан жігіттің кім екені белгілі болды
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты аппелляциялық сот шешімі шықты
Қазақстан Венгрияда функционалды көпсайыстан әлем чемпионатына қатысып жатыр
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты
Түркістан облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды