"Құшағын жаймады": АҚШ мемхатшысы мен Түркия СІМ басшысының кездесуінде күтпеген жайт болды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 6 қарашада Түркияға сапарлап келді. Түркия СІМ басшысымен кездесу барысында Блинкен БАҚ пен желі қолданушыларының назарын аударған ыңғайсыз жағдайға тап болды. Блинкеннің Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінде түсірілген видеоны түрік БАҚ-тары жариялады. Түркияның Sabah газеті Анкарада америкалық саясаткер "шоктан кейін шок сезінді" деп жазады – әуежайда оны тек ел астанасы губернаторының орынбасары қарсы алыпты, ал келіссөз басталар алдында СІМ басшысы құшақтау әрекетінен жалтарып кеткендей болғанын көруге болады. "Блинкен қол алысқан Хакан Фиданды құшақтасуға тырысқан. Алайда ол Фиданның әрекетінен тағы бір шок алды, бұл Блинкеннің жүзінен бірден көрінді. Министр Фидан құшағына жауап бермеді", - делінген басылым материалында. DW Түркияға барған Блинкен Таяу Шығыс елдеріне сапарын аяқтағанын хабарлады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Израиль мен ХАМАС соғысында бейбіт палестиналықтардың амандығы туралы аймақтық консенсус құру мақсатында ішінара ғана жетістікке қол жеткізген. Алайда басылым мәліметінше, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елдің солтүстік-шығыс өңірлеріне сапарын Блинкеннің келуіне байланысты үзбей, АҚШ өкілдерімен кездеспеуді ұйғарған. Блинкен мен Фиданның келіссөздері жабық өтті. Кездесу қорытындысы бойынша, Блинкин Вашингтон Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуді кеңейту үшін өте батыл жұмыс істеп жатқанын және кейінгі күндері "жақсы прогреске" қол жеткізгенін мәлімдеген. "Бұл шаруаның бәрі әлі атқарылып жатыр. Әрине, біз бәрінде келісімге қол жеткізе алмадық, бірақ біз қазір жұмыс істеп жатқан кейбір өзекті мәселелер бойынша көзқарастарымыз ортақ", - деді америкалық мемхатшы. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
Шайды қай уақытта ішкенде зияны болмайды
Қазақстанда менталды денсаулыққа қаншалықты көңіл бөлінеді
Шорт-трекшілер Сеулдегі World Tour сериясында бесінші орын алды
16 желтоқсанда елдің 12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Шымкентте "Таза Қазақстан" акциясы аясында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Қазақстанның "Үздік акушері" анықталды
Талғарда жаңа әкімді сайлау науқаны өтіп жатыр
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады