Тасқыннан зардап шеккен отандастарға ел-жұрт бір кісідей қолдау білдіріп, жан-жақты көмек ұсынып жатыр. Бауырмал халық осынау қиын сәтте жұдырықтай жұмылып, мейірім мен бірліктің асқақ үлгісін көрсетуде. "Астана" телеарнасының ұжымы да су басқан өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелтті. Күшіміз бірлікте!