"Күшті, кәсіби және тәуелсіз БАҚ қана нақты идеологиялық егемендігімізді қамтамасыз ете алады", – Президент

Отандық ақпарат құралдарының халықаралық деңгейде белсенділік танытатын кезі келді. Бұл туралы Президент бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар мен гранттарды тапсыру кезінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық медиа жаңа кезеңге қадам басқанын, қазір ақпарат тарату жылдамдығы, оның мазмұны, құралы – бәрі өте тез өзгеріп жатқанын атап өтті. Президенттің пікірінше, мемлекет, медиа және қоғам арасындағы келісім Әділетті Қазақстанның берік іргетасына айналуға тиіс.Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Азаматтардың ақпаратты еркін алуы, пікірін ашық жеткізуі, ой еркіндігі – Әділетті Қазақстанның айқын көрінісі. Елімізде қаламын қаруына айналдырған тілшілер аз емес. Кейде олардың жазған мақаласынан, дайындаған репортажынан кейін өзекті мәселелер жедел түрде шешімін тауып жатады. Ондай тілшілерді Адал азаматтар десек, артық болмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде мемлекеттің саяси реформалар аясында сөз бостандығын қорғау үшін қажетті шара қабылдап жатқанын айтты. Сондай-ақ, президент отандық бұқаралық ақпарат құралдары азаматтардың сыни ойлауын дамытуға, қоғамдық пікірталас мәдениетін орнатуға көмектесуі керегін айтты. Қасым Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бүгінде отандық журналистиканың елдегі және әлемдегі процестерге айрықша көзқарасы қалыптасты. Тек күшті, кәсіби және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары ғана біздің нақты идеологиялық егемендігімізді қамтамасыз ете алады. Сондықтан жаңалықтарды беріп қана қоймай, оқиғалар мен құбылыстардың өзара байланысын көрсету, ұлттық мүддемізге сүйене отырып сапалы аналитика әзірлеудің маңызы зор.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Станислав Черчесов: «Әр қарсыласты құрметтеп, терең зерттеу керек»
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді