Қызылордада құтқарушылар ер адамның басынан темір дулығаны шешті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.«Қызылорда қаласындағы Саяхат шағын ауданының тұрғынынан үйіндегі қонақтың басынан темір дулыға (шлем) шешілмей жатқандығы туралы хабарлама түсті. Тұрғынның досы суретке түспекші болып, темір дулығаны басына кигенімен, басынан шеше алмай қалған», - делінген хабарламада. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен ер адамның басына зиян тигізбей, дулығаны шешіп алды.