Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияда – Газиантеп қаласына аман-есен қонды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады.Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтілуде. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері құтқару құралдарымен: гидравликалық және пневматикалық құралдармен, гидравликалық домкраттармен, пневматикалық домкраттармен, чиптермен, перфораторлармен, жарықтандыру құрылғыларымен, шатырлармен, спутниктік терминалмен, рамалық модульмен, автокөліктермен жарақтанған.