Құтқарушының жары тағы да үндеу жариялады

«Майқайың алтын» шахтасында қалған құтқарушыларды іздеу жұмысының тоқтағанына туыстары қарсы. Нұрсұлу Шаймерден күйеуінің ең болмағанда денесін тауып беруді сұрайды. Тіпті өзге елдерден білікті мамандарды тартуды талап етті. Өйткені, 1 айдан астам уақыт іздеу жүргізген төтеншеліктер еш нәтиже шығара алмады. Сол себепті бұл мәселені халықаралық деңгейде шешуді өтінді. Нұрсұлу ШАЙМЕРДЕН, ҚҰТҚАРУШЫНЫҢ ӘЙЕЛІ:Қауіптіліктің жоғары екені жақсы түсінем. Бірақ, бұл адамгершілікке жатпайды. Біздің Ата заңымызда еліміздің ең басты құндылығы адам өмірі деп жазылған. Ендеше неге заң үстемдік етпейді. Артында шырылдап 5 баламмен Айдостың әке-шешесі қалды. Осыны ешкім түсінбейді. Біз міне, 1 айдан астам уақыт қайғыдан қансырап отырмыз. Алайда, жағдайымызды сұрап келген аймақ әкімін, не құтқару қызметінің басшыларын көрмедім. Оларға біздің жағдайымыз бәрібір сияқты. Сондықтан да, іздеу жұмыстарының тоқтауына қарсылығымды білдіремін. Нұрсұлу Шаймерденнің үндеуінен кейін «Майқайың алтын» шахтасы бүгін жұмысты қайта жандандырды. Қазір автобус құлаған аумақта тау-кен инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді. Яғни, құтқарушылардың қауіпсіздігі үшін шыңырау түбіне түсетін жолды кеңейту шаралары қолға алынған. Бұған ондаған техника мен 20 адам жұмылдырылды. Ал жол салынғаннан кейін құтқарушылар іздеу жұмыстарын бастамақ. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандықтар жылына 65 сағатын қандай іске арнап жүргені белгілі болды
“Болашақ сәулетшілері”: Қор басшысы ұзақ мерзімге сотталды
Депутат зейнеткерлердің банктер алдындағы қарызын кешіруді ұсынды
Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына белсенді дайындық жүргізілуде
Ауызашар беру: сауапты амал ба, бизнес пе?
Ауызашар беру: сауапты амал ма, бизнес пе?
«Бір кітаптың ізімен»
«Ұлан» газетіне - 95 жыл
Көненің көзі, әуеннің өзі....
Есірткісіз қоғам: полицейлер жасөспірімдердің ата-аналарымен кездесті
«King Milk» зауыты жылына 70 тоннадан астам түйе сүтін өңдейді
Құқық қорғау органдарындағы алматылық ару: қатардағы сарбаздан полковникке дейін 
Еңбекминінде өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері талқыланды
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады
Алматының арулары дәстүрлі ерлер кәсіптерінде табысқа жетуге қалай жол ашады?
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
Гүл саудасы қызып тұр
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?