"Күйеуі, енесі күн бермейді, ең үлкені 75 жаста". Дағдарыс орталығын паналайтындар көбейді

Қызылордада 40 адамға арналған дағдарыс орталығы бар. Жыл басынан бері оны 200-дей адам паналады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Ресми атауы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы болғанымен, жұрт оны "дағдарыс орталығы" деп атайды. Биыл мұнда түскен 200-ге жуық адамның ең үлкені 75 жаста. Орталықты әлсіз топтағылар - әйелдер, балалар мен қарттар паналайды. Мұнда ең көбі жарты жыл тұруға рұқсат беріледі. Мамандар осы уақытта олардың жағдайы бірқалыпқа түсуіне көмектеседі."Қолында, құрсағында баласы бар әйелдер көп түседі. Бір жылда шамамен бес әйел осында келген соң босанып, баласын бақты. Тағдырдан теперіш көрген жандар өз үйінде жүргендей сезінуі үшін бізде барлық жағдай жасалған", - деді орталық директоры Жандос Тұсмағамбетов.Шаңырақтағы "шайқас" ұрып-соғумен шектелмейді. Бірін күйеуі, енесі ақшадан қысып, екіншісін құлағының құрыш етін жеп күн бермеуі мүмкін. "Біздің көмегімізге жүгінетіндер қатары көбейді. Қорқынышты статистика болғанымен, бұл - қазақ әйелдерінің көзі ашылып келе жатыр деген сөз", - деді орталық жетекшісі.Орталық өкілінің сөзінше, ерлі-зайыптылар татуласпаса да, "елден ұят болады" деп енелері, басқа жақын-жуығы келін-немерелерін алып кетіп жатады екен. Бірақ орталық мамандары олардың 8 пайызы орталыққа қайта айналып келетінін жеткізді.Айта кетейік, елімізде әрбір үшінші отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Ал 400-ден аса әйел көз жұмады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Көз жасын көрдім»: Алтынай Жорабаева күйеуінің нені армандайтынын айтты (ВИДЕО)
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды