ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші Меруерт Түсіпбаева Стамбұлға көшіп кеткен Айнұр Тұрсынбаеваның үйіне қонаққа барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Өнер иесі жақында Европадан оралып, Түркияда демалып жатыр. “Кеше Нұрекеңнің және айтыс өнерінің дамуына өзінің қолтаңбасын, өшпес ізін қалдырған аңыз адам, қазақтың ақын қызы Айнұр Тұрсынбаеваның шаңырағында қонақта болдым. Рахатқа батып, әдемі кеш өткіздік. Сыйлыққа бриллиант жүзік алдым. Отағасы Нұрекең Gucci көзілдірік сыйлады. Бақыттымын ғой. Стамбұлға шақырып, есте қалатындай күндер үшін Қуаныш пен Қайшаға рақмет!”, – деп жазды өнер иесі. Әншіні тыңдарманы мен желі қолданушылары айтыскер ақынды аңызға теңегенін сынап жатыр. “Аңыз адам деп артық айтып қойған жоқсыз ба?”, “Айнұр ақымақ қазақ әйелдерінің арқасында шетелде тұрып жатыр”, “Қазақстаннан барған адамның бәрі Айнұрдың үйіне соғады”, “Аңыз адам деуге әбден лайық”, “Керемет дастархан жайыпты”, “Найманның қыздары жасасын!” деп жазып жатыр оқырман қауым.