Күйеуімен бірге саяхатқа шыққан атышулы блогер Айжан Байзақова Францияның Париж қаласында жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Блогер ұлу мен бақаның дәмін көріп, баға берді. “Біз қазір Париж қаласындамыз. Мұнда келген соң міндетті түрде ұлу мен бақаны жеп көруіміз керек. Одан бөлек устрицаға тапсырыс бердік. Себебі мен өмірімде устрица жеп көрмеппін. Бірақ ұлу мен бақаны жеуге болмайды екен, себебі олар арам. Устрицаның иісі өте жағымсыз, мен жейтін нәрсе емес. Устрицамен салыстырғанда ұлу тәуірлеу екен. Бірақ бір кездері жерде жыбырлап жүргені есіме түсіп кетті. Ал мен жыбырлаған жәндіктерді ұнатпаймын. Ал бұл бақаның аяқтары. Тауық етінен еш айырмашылығы жоқ”, – деп бағалады Айжан Байзақова.