Түркістанда жантүршігерлік оқиғаға қатысты сот процесі аяқталды. Екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.2024 жылғы ақпан айында қызылордалық әйел 2 баласын Түркістанға алып келіп, қасақана өлтірген еді. Ол 2 және 4 жасар баласын ұйықтатып, кейіннен тұншықтырған көрінеді. Ал бүлдіршіндер жан тәсілім еткен соң әйел Шымкент қаласына кетіп қалған. Кейіннен мегаполистегі қонақүйлердің бірінде ұсталған еді."Тергеу барысында Бота Хамитқызы кінәсін толық мойындаған. Жоспарлағаны жөнінде де айтқан. Ол балаларды арнайы Түркістан қаласына әкелген. Осының бәрін өзі айтқан. Алайда сотта өзінің позициясын өзгертіп, "бұл қылмысты қалай жасағаным есімде жоқ" деп жауап берген",- деп хабарлайды Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев.