Белгілі спортшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті мазалаған сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.Instagram stories-те оқырманның бірі "Күйеуің қайда? Екі жаққа кеттіңдер ме?" деп Сабина Алтынбековаға сауал жолдаған. Өз кезегінде отандық спортшы "Ең өзекті сұрақтардың бірі. Бұл туралы кейінірек толығырақ айтып беремін", деп қысқа қайырды.Еске сала кетейік, 2020 жылы жеке кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шыққан болатын. 2021 жылы ерлі зайыптының балалары өмірге келді. Өткен жылы волейбошы кәсіби мансабын жалғастыру туралы шешімге келді. Қазіргі кезде ол -Біріккен Араб әмірліктерінде өнер көрсететін "Әл Васл" клубының ойыншысы.