«Күйіп қала жаздадық». Қарағанды облысының Қушоқы кентінде пәтерлердегі жылу құбырлары жарылып жатыр

«Күйіп қала жаздадық». Қарағанды облысының Қушоқы кентінде жылудың тұрақсыздығынан пәтерлердегі батареялар жарылып жатыр. Жұрт «қыс басталғалы құбырлар қайта- қайта істен шығып, құтымызды қашырды»,- деп шағымдануда. Ал жергілікті әкімдік бұған не дейді? Мәселенің мән- жайын Айжан Қуаш білді. Қарағанды облысының Қушоқы кентінде жылу жоқ емес, бар. Бірақ құбырлар қайта- қайта істен шығады. Күлзия ШЕКЕР, ҚУШОҚЫ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Жарылып кетті мына мына судың воздух келгеннен болып, мен күйіп қала жаздадым. Қайта көршілерім көмектесті. Екі жыл. Биыл тағы краник атылып кетті жап- жаңа салып қойған. Трубаның бәрі жап-жаңа. Жылудың тұрақсыздығынан әсіресе екі қабатты үйлерде тұратын қарттар жапа шегіп отыр. Соңғы рет біразының құбырлары қатып, оны ауыстыруға тура келген. Галина ШЕВЦОВА, ҚУШОҚЫ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Апат болды, тез батарейлардан суды төгіңіздер,- деп хабарлайды. Жөндеуге кейде 1 жарым күн кетеді. Біздің үйлерде суды шатырдағы құбырлардан төгу керек. Оған шыға да алмаймыз. Балаларымызды шақырамыз, ал олар жоқ болса қатып қалады. Бүгін тұрғындар Қушоқы кентінің әкімімен кездесіп, мәселені шешуді сұрады. Кент басшысының айтуынша, жылу жүйесінде апат болғаны рас. Жылу жүйесі ескіргенімен елдімекендегі қазандықтың жұмысында кінәрат жоқ. Тұрғындар үйлеріндегі құбырларды ауыстырмағандықтан жылу тұрақсыз,- дейді. Халел РЫСБЕКОВ, ҚУШОҚЫ КЕНТІІНҢ ӘКІМІ: 2018 жылы қазандықтарды «Қазақмыс» Корпорациясы атқарушы билікке тапсырды. Барлығы апатты жағдайда болған. Біз былтыр бір қазандықты толығымен жөндедік, резервте тағы екі қазандық бар. Жыл сайын мемлекеттен олардың жұмысына 200 млн теңге бөлініп отыр. Жылу жақсы беріліп отыр. Мәселе тұрғындардың үйлерінің дайын еместігінде, олардың подвалы, құбырлары ескірген. Оның барлығын ауыстыруы керек. Абылай СҰЛТАНҒАЛИ, БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүкіл кент бойынша жылу құбырларын ауыстыру үшін мына үйлерге дейінгі жылу құбырларын ауыстыру үшін 500 млн сомасында қаражат керек. Қазір біз қаражат көздерін қарастырып тапсырыс беріп жатырмыз қаражатқа. Оның бәрі шешеліген жағдайда біз осы жазғы маусымда келесі жылу маусымына дейін бұл жұмыстардың бәрін жүргізіп үлгереміз. Ал жеке сектор тұрғындары мал жаятын жайылым мен шөп шабатын жер таппайды. 4-5 ірі қараны асырау үшін бірнеше жұмысқа орналасуға мәжбүр. Павел ДАНИЛОВ, ҚУШОҚЫ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Мал жаятын жердің бәрі біреулер иемденіп алған. Шөп те шаба алмаймыз. Жем- шөп қымбат. Мал ұстағың келеді. Өзім жөндеушімін, тым болмаса шөпке сеп болсын деп таксиге шығып жүрмін. Жеке сектор тұрғындары қыста тіпті көшеге шыға алмай қалатындарын айтады. Қар мүлде тазартылмайды дейді. Жол да нашар. Алайда бүгінгі кездесуде бұл мәселелердің нақты шешімі табылмады. Жергілікті билік жеке мүлік иелерінің бірлестігі өкілдерімен кездесіп, үйлердің техникалық жағдайын жақсартуды талап етпек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Таразда күрестен халықаралық турнир мәреге жетті
Air Astana аспанның «Құдайы» болып алды – Жаңбыршин
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады