Қымбат көлік пен ішімдік, 10 пәтер: Қазақстанда қандай мүліктерге сән-салтанат салығы салынады

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров брифинг барысында сән-салтанат салығы қалай есептелетіні және қандай мүліктерге салынатыны туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Қуантыров қымбат көліктер, яхталар мен жеке ұшақтарға салық салынатынын мәлімдеді. "Бұған дейін қазақстандықтардың иелігіндегі яхта, ұшақтар мен қымбат көліктер жайлы есепті ұсындық. Сән-салтанат салығы осы мүліктерге салынады", – деді ол. Министрдің пайымдауынша салық қымбат ішімдік үшін де салынады, ал акцизі бірнеше есеге өсуі мүмкін. "Мысалы, 10 жыл сақталған Macallan ішімдігінің қазіргі бағасы 7 миллион теңге. Акцизінің құны 700 теңге, біз мұны 10 есеге көбейтіп, ішімдік бағасының тағы 10%-ын қосамыз. Сән-салтанат салығы халықтың белгілі бір бөлігіне ғана салынады", – деп қосты ол. Сонымен қатар салық мөлшері нысанның құнына байланысты болады екен. Егер азаматтың меншігінде әрқайсы 50 шаршы метрлік 10 пәтері болса, әр пәтер үшін жыл сайын 10 мың теңге салық төлейді екен. Салық органдары нысандарды есепке алады, нәтижесінде салық мөлшері жылына 100 мың теңге болмақ. "Біздің қазір ұстанатын бағытымыз келесідей: барлық нысанды қосқанда құны жоғары болса, салық та көбейеді. Бір адамда құны 100 миллион болатын 10 нысан болса, онда ол, шамамен, 400 мың теңге салық төлейді. Сәйкесінше салық көлемі 4 есеге өседі", – деп түсіндірді Қуантыров. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті