Бауырлас Қырғыз елінен 4 фураға тиелген 100 тонна гуманитарлық көмек Ақтөбе облысына жетті. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек,төсек-орын, жылытқыштар және тағы басқа қажетті заттар бар. Жүк су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету пункті ретінде ашылған «Анаға тағзым» орталығына жіберілді. Әрі қарай аудандардағы эвакуациялық пункттерге жеткізіледі. Бообек ӘЖІКЕЕВ, ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Құрметті ақтөбелік туғандар, біз Президентіміз Садыр Нуркожоулының жеке тапсырмасымен қырғыз елінің атынан келіп отырмыз. Біз осы қиын кезеңде Ақтөбе облысының тұрғындарын қолдаймыз және бәрі де жақын арада қалыпқа келеді деп сенеміз. Басқа да жапа шеккен облыстарға жол тартпақпыз. Әрдайым қол ұшын беріп, халықтар арасындағы жылы қарым-қатынасты жалғастырамыз. Қырғыз ағайындар жіберген гуманитарлық көмектің бір бөлігі Тобыл өңіріне де жетті. 3 көлікке тиелген жүк шамамен 40 тонна. Ахмет Байтұрсынов атындағы университеттің жаттығу залы уақытша қоймаға айналды. Мұнда жан жақтан келген гуманитарлық жүк түсіріліп жатыр. Оны университет оқытушылары мен студенттер, еріктілер сұрыптап таратуда. Айыр қалпақты ағайын жіберген азық-түлік, киім – кешек тасқынға тап болған қала тұрғындары мен жақын жердегі аудандарға жеткізіледі. Ринат МҰХАМЕТҚАЛИ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Екі күн ішінде 30 тоннаға жуық гуманитарлық көмек келді.Олардың бүгінгі таңда барлығын тараттық,Келе салысымен.Көбі су тасқынында жұмыс жасайтын құрал саймандар болды.Оларды уақытында алып кетті.Одан кейні эвакуциялық пунктерде жатқан адамдарға тамақ таратып бердік.Сырттан келген көмек Астана қаласынан және Жамбыл облысы Меркі ауданынан үлкен фурамен көмек келді.