Қырғыз елі жіберген гуманитарлық көмек Оралға жетті

Даламызды су басып, төтенше жағдай туындаған шақта алғашқы болып көмек қолын қырғыз бауырлар созды.Сәуірдің 6-ы күні Қырғызстаннан шыққан 15 көлік Атырау, Ақтөбе, Қостанай және біздің өңірге бөлінді. Сәуірдің 9-ы күні гуманитарлық көмек тиелген 4 жүк көлігі Орал қаласына келіп тоқтады.Туыс ел басына күн туғанда жайбырақат жата алмаған айыр қалпақты ағайынды көппен бірге қарсы алған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов 3000 шақырымнан астам жолды артқа тастап, қырғыз елінің аманатын жеткізген ағайынға алғысын білдірді. "Алғашқы болып көмек қолын созған көршілес Қырғыз елінен халықаралық гуманитарлық көмек Ақжайық өңіріне жетті. Қиын кезде қолұшын созған ағайынның бұл жақсылығын қазақ елі еш уақытта ұмытпайды. Ғасырлар бойғы екі ел арасындағы бауырластық нығая түсті деп санаймын. Алты Алаштың ұлдары бауырластығын әлемге тағы бір мәрте паш етті. Тіліміз бір, діліміз бір, дініміз бір қырғыз ағайынға қазақ елі атынан айтар алғысымыз шексіз", - деді Б. Нарымбетов. Одан соң Бақытжан Хаберұлы Қырғыз көшін бастап келген Замирбек Нарчаевқа "Қырғыз еліне Батыс Қазақстан халқының атынан мың алғыс" деген жазуы бар домбыраны сыйға тартты. Бауырлас ел аманатын Оралға жеткізген Қырғыз Республикасы төтенше жағдай министрлігінің подполковнигі Замирбек Нарчаевтың айтуынша, қазақ басына қиындық түскенін естіген бойда қырғыз елі жұдырықтай жұмылып, гуманитарлық аз ғана уақыт ішінде көмек жинап тастаған. "Президентіміздің тапсырмасы бойынша Қырғызстан елінен Қазақстанға азық-түлік, төсек-көрпе, керует, сусын, тұрмысқа қажетті заттар жеткіздік. Қазақ-қырғыз бір туған. Қиын жағдайға тап болған қазақ жұртына жалпы 300 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді. Батыс Қазақстанға 80 тоннасы бөлінді", - деді Замирбек Нарчаев. Сын сағатта қолдауын білдірген көрші ел жүгін жеткізген азаматтарға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан да ел алғысын жеткізіп, қазақ елінің ризашылығын білдірді. "Ағайынның қамқорлығын басыңа іс түскенде білерсің,-дейді. Өзгеден бұрын көмек қолын созған ағайынға разымыз.Бұл жай ғана көмек емес достығымыздың нығайып, ағайындығымыздың беки түскенінің көрінісі. Болашақта да екі ел арасына сызат түспесін , - деді А.Құспан.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін Халық әртісі, актриса Сәбира Майқанованың туған күні
Енді шетелдіктерге ЖСН берілмейді
«Тағы да қапшықты таңдады»: Баходир Жалоловтың келесі қарсыласы белгілі болды
Алматыда жаңа жыл түні қалай өтті?
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түсті
Ең төменгі жалақы мөлшері өсті
Алматы кафелерінің бірінде студенттер жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы 2025 жылы бокстан екі әлем чемпионатына қатысады
Жаңа жыл түні қанша адам жедел жәрдем шақырған?
Семейде кафе өртеніп, соңы жарылысқа ұласа жаздады
Жаңа жыл түні Алматы облысының тұрғындары дәрігер көмегіне көп жүгінді
Жаңа жыл күні өмірге келген сәбилердің саны белгілі болды
ТЖМ қызметкерлері 7 шетел азаматын құтқарды
«Бір-бірінен айнымайды»: екі «Қожаның» ұқсастығы жұртты таңғалдырды (Видео)
Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«Анасына тосынсый жасамақ болған»: Ұлытау облысында жол апатынан екі жігіт қаза тапты (ВИДЕО)
Тоқсанға жуық өрт өшірілді
Елде алғаш рет азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті
Қазақстан құрамасы алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына шықты
Ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста жол жабылады
Шымкентте демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзарды
Құтқарушылар жаңа жыл түнінде күшейтілген режимде жұмыс істеді