Бүгін Қырғызстанда «Қазақстанға 112 сағат қолдау» марафоны басталады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.Қырғызстанда «Инициатива112» бастамасы бүгін «Қазақстанға 112 сағат қолдау» марафонын өткізеді. Әлеуметтік желіде болатын шара Бішкек уақытымен сағат 15:00-де басталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонға қатысуға ниет білдіруші көбейіп жатыр. Олар су тасқынынан зардап шеккен барлық қазақстандыққа рухани қолдау көрсеткісі келеді. Тікелей эфирге әлемнің әртүрлі елдерінен спикерлер қосылып, қолдау білдіреді, – делінген бастама хабарламасында. Айт кетейік, қырғыз елі Қазақстанға бұған дейін екі мәрте гуманитарлық көмек жіберді.