Қырғызстанда жасырын босану мекемелерін құру ұсынылды

Қырғызстанда жасырын босану үшін заңды түрде арнайы бөлімшелер құру ұсынылды. Кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін тиісті заң жобасы жалпыхалықтық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Kazinform.Ұсыныстың бастамашысы, парламент депутаты Жылдыз Садырбаеваның айтуынша, заң жобасын әзірлеудің мақсаты – бала мен ананың өмірі мен денсаулығын сақтай отырып, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту. Сонымен қатар, ауруханадан тыс қауіпті босану санын азайтуға және жаңа туған нәрестесін бейтаныс адамдарға тастап кететін аналарға балама ұсыныс жасауға мүмкіндік береді. Жасырын босану кезінде ананың арнайы мекемеде босану мүмкіндігі бар және өзінің жеке басын, аты-жөнін үшінші тұлғалардан, оның ішінде босану процесіне қатысатын медицина қызметкерлерінен жасыра алады. Депутат баланы тастап кеткен жағдайда құпиялылыққа кепілдік беретін мамандандырылған бөлімше бірқатар мәселенің алдын алудың тиімді құралы болатынын атап өтті. Атап айтқанда, әлеуметтік жетімдік. Мамандандырылған бөлімше баланы тастап кетуге шешім қабылдаған әйелдерге баладан бас тартудың алдын алу бойынша мамандардың тікелей қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Дер кезіндегі кәсіби көмек пен қамқорлық әйелдің баласынан бас тарту шешіміне түбегейлі әсер етіп, бұл әрекетке жол бермейді. Ал жаңа туған баласын әлеуметтік қызметтер мен қоғамдық ұйымдар арқылы тәрбиелеуге бел буған әйелге босанғаннан кейінгі қолдау бір кездері баладан бас тарту туралы ойлануға түрткі болған қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Үйлерде, жертөлелерде, гараждарда, антисанитариялық жағдайда ана мен сәбидің өліміне немесе ауруына әкеп соқтыратын қауіпті босану мәселесі де шешіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады