Жерге-Тал ауылында манасшылар сайысы кезінде жүк көлігі қағып, жарақат алған 19 бала ауруханада жатыр, деп жазады 24.kg.Елдің денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевтің айтуынша, Бішкек ауруханасында жатқан он баланың үшеуіне ота жасалған. «Олардың жағдайы тұрақты, орташа ауыр. Төртеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары бөлімшелерде жатыр. Жалал-Абадта тоғыз бала емделіп жатыр, оның бесеуінің жағдайы орташа ауыр, қалғандарының жағдайы бірқалыпты, біреуі үйіне шығарылды. Қалғанының бәрі консервативті ем алады», - деді елдің Денсаулық сақтау министрі. Жалал-Абад облысы Созақ ауданы Жерге-Тал ауылында өткен жас манасшылар байқауы қайғылы оқиғамен аяқталды. Жайлауда өтіп жатқан шарада мектеп оқушылары «Манас» эпосынан үзінді оқыды. Оқиға кезінде жиналған жасөспірімдерді «Портер» жүк көлігі қағып кетті. 34 бала зардап шекті. Жүргізуші үйқамаққа шығарылды.