Қырғызстанда TikTok қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі ел аумағында TikTok сервисін тарату қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AKIpress порталына сілтеме жасап хабарлайды.Шешім заңнама аясында одан әрі жүзеге асыру үшін Цифрлық даму министрлігіне жіберілді. Мәдениет министрлігінің мәліметінше, балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына кері әсерін тигізетін TikTok әлеуметтік желісінің зиянды әсеріне қатысты бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың шағымдары жиілеп кеткен. "ТикТок қолданушыны қысқа клиптердің виртуалды әлеміне батырады. Жасөспірімдер оларды көргеннен кейін кейбір бейнелерді қайталауға тырысады. Олардың кейбіреулері өмірге қауіп төндіреді. Сонымен қатар, балалардың психикасы әлі де тұрақсыз. Мұндай желі тәуелділік тудырып, жас ұрпақтың эмоционалдық жағдайына кері әсер етеді”, – делінген хабарламада. Осыған байланысты Мәдениет министрлігі аталған әлеуметтік желінің мазмұнына мониторинг жүргізді. TikTok қолданбасындағы ақпаратқа қол жеткізу кезінде жас санаты қаралмайтынын анықтады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді