Қырғызстанда утилизациялық алым енгізіліп жатыр. Мемлекет басшысы «Өндіріс пен тұтыну қалдығы туралы» Қырғыз Республикасының Заңына қол қойды.Заңға сәйкес, мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік әкімшіліктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде жеке кәсіпкерлер қалдықтарға меншік құқығын алуға және одан бас тартуға құқығы бар. Сондай-ақ, қалдықтарды өндірушілерге не олар уәкілеттік берген заңды тұлғаларға немесе қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге қалдықтардың түрлері бойынша бөлінуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар көзделген. Қалдықтарды қайта өңдеу объектілері Қырғызстан Министрлер кабинеті белгілеген тәртіппен арнайы тізілімде тіркелетін болады. Заңда утилизациялық алымының қаражатын төлеу және жұмсау тәртібі көзделеді. Қайта өңдеу нормативтерін орындауды қамтамасыз ету үшін заңды немесе жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер бірлестік (қауымдастық) құра алады. Қалдықтарды орналастыру кезінде қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін қалдықтардың көлемін, қауіптілік класын және орналастыру нормативтерін ескере отырып, ақы алу белгіленді. Алынған қаражат республикалық бюджетке бағытталады.