Қырғыз Республикасынан заңсыз тасымалданған екі вагон темекі өнімдері тәркіленді. Заңсыз тауардың құны құны 1,3 млрд теңгеден асады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз және ЕБМ-сіз әкелуге әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті тергеп жатыр.ҚМА мәліметіне сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарының есептеулері бойынша акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы – 585 млн теңге. Қазір қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиiстi сараптамалар жүргiзiліп жатыр. Оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.