Қырғызстанның бірнеше аймағында сел жүріп жатыр. Кейбір ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ош облысында төтенше жағдай жарияланды. Өңірдің бірнеше ауданында нөсер жауын салдарынан 100-ге жуық үйді су басқан. Ал бір ауылда селге қарсы бөгетті су бұзып кеткен. «Курсив» порталының хабарлауынша, елдегі тас жолдардың бірінде көлікпен келе жатқан бір отбасы қаза тапқан. Жалал-Абад, Баткен облыстарында да сел жүру қаупі күшейген. Жергілікті синоптиктердің айтуынша, апта бойы жаңбыр жаумақ, деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.