Қыркүйектен бастап мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі.Аталған шара «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» 2021-2025 жылдарға арналған жол картасының аясында іске асырылды. Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға, ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға арттырылды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды. Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей: докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 217 500 теңге; даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге; магистранттарға – 97 024 теңге; интерндерге – 75 890 теңге; жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге; даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге; техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге; техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге. Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қоспаев ісі. "Никольский" базарын шетелдіктерге сатып жібермек болған
Талғардағы оқиға туралы депутаттардың пікірі қандай?
Мәскеуде Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты