Қырыққа жуық шаруашылықтың атынан субсидия рәсімдеген алаяқ 7 жылға сотталды

Таразда үш аймақтың шаруаларын шырылдатқан әккі алаяққа қатысты сот үкімі шықты. Ол 40-қа жуық қожалық иелерінің аузын айға қаратып, қазына қаржысын қалтаға басқаны үшін 7 жылға сотталды. Шаруаларға картоптың сирек кездесетін сортын жеткізіп беруге уәде берген. Тіпті соған қосымша егіске қажет тыңайтқышты да арзан бағаға алып беремін деп, соңында сан соқтырған. Сөйтіп 340 млн теңгені заңсыз иемденген. Алаяқтың алдау әдісі де өзгеше. Ол өзін аграрлық кәсіпорын өкілі ретінде таныстырып, фермерлермен жиі байланысып, сенімге кірген. Кейін ең төмен бағамен картоптың жаңа сұрпын алуға қажет деп электронды құжаттарын түгел алдыртқан. Сосын жайбарақат субсидия порталына шарулардың атынан өтінім беріп, түскен қаржыны өзге шоттан шешіп отырған. Өкініштісі ол бұл ісін екі жыл бойы жүзеге асырып келген. 36 жастағы түркістандық алаяқты құзырлылар жыл бойы тергеп, оның 3 облыстың шаруаларын алдағаны әшкереледі. Тіпті көлеңкелі іске туыстарын тартқан. Ал алаяққа алдынып қалған аңқау шаруалардың дені Жамбыл облысынан екен. Жағыпар ИСАТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:Фермерлер аталған тұлғамен сөз байласпаған. Олар шатасып қалған. Қылмыстық іске байланысты мемлекетке келген шығын көлемі – 340 млн теңгеге жуықтайды. Оның ішінде 40 млн теңгесі минералды тыңайтқыш алуға қатысты. Салдарынан үш аймақтан 40 қа жуық шаруа қожалық иелері алдынып қалған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Ғафуржан Сүйімбаев «Ертіске» келді
Жол жабылып, рейстер тоқтатылуы мүмкін: Астанада қалың қар жауып, боран соғады
Қарағандыда жеке клиникаға ота жасатуға барған ер адам көз жұмды
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдарда шектеулер енгізілді
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды
Астанада 1 200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Қостанайда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова салмақ тастау әдісімен бөлісті (ВИДЕО)
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова артық салмақтан қалай құтылған (ВИДЕО)
«Пікірімді ешкім сұраған жоқ»: Черчесов отставка туралы айтты
Ресейде Қазақстанның 9 азаматы ірі жол апатына түсіп, екеуі қаза тапты
Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Астанада 1200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Бурабайда 2024 жылы демалған туристер саны бір миллионнан асады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістандық жол сақшылары жүргізушілерді мұқият болуға шақырды
Астанада он алтыншы «жайлы мектеп» ашылды (ВИДЕО)