Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстандағы малдардың не үшін қырылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Министр БАҚ өкілінің сұрағына жауап бере отырып, былтыр мал азығы 100 пайыз дайындалғанын айтты. Бірақ көбіміз кейде жылқыны далаға жібере саламыз. Оған немқұрайлы қарап, кейін мәселе туындап жатады. Жалпы, мал қаңғырып жүрмеу керек, оны қарауға арнайы адам болуға тиіс. Осындай қиын қатаң суықта жылқышы болса ондай жағдай болмайды. Қазір мәселені қарастырып жатырмыз. Алдын ала бізге көп мал қатып қалды деп еді. Бүгінгі таңда бір жерде 5, енді бір жерде 7 малы өлген азаматтар бар. Мәселе бойынша кейін жауап беріп, керек болса жауапқа тартамыз. Қыстыгүні малды далаға жіберіп қоюға болмайды ғой?! Мал ұстағаннан кейін оны күтіп, жазда жем-шөбін дайындау керек. Жалпы, жұмыс бақылауымызда, - дейді Айдарбек Сапаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.