Қыстан кейін нашар жөнделген жолдардың кемшін тұстары көріне бастады - Жеңіс Қасымбек

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қаладағы жолдарды жөндеу жұмысы қалай жүргізілетіні туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қыс мезгілінен кейін нашар жөнделген жолдардың кемшін тұстары көріне бастады. Жауапты басқарма жол жұмысшылармен бірге жөнделетін көшелердің ұзаққа шыдауын қамтамасыз етуі керек. Жұмыс мінсіз, лайықты күйде және сын көтеретін деңгейде орындалуы керек. Елорданы аралау барысында қаланың барлық ауданына барып, биылға арналған жоспарларын белгіледік. Биыл жол жөндеу жұмысы ертерек басталады. Ұзындығы 60 км болатын 50-ден астам көшені жөндеуді жоспарлап отырмыз. Сол сияқты 20-дан астам ірі нысан бар. Олардың бір бөлігін биыл аяқтаймыз, тағы бір бөлігінің (көшелер, жол айрықтары, көпірлер және тағы басқа) құрылысын биыл бастаймыз, - дейді қала басшысы. Сондай-ақ, тротуарларды, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдарды, аялдама қалтарыстарын, пандустарды және тағы басқа жабдықтауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Ең алдымен көлік көп жүретін, жаңа әлеуметтік нысандар (кірме жолдар) бар орындарда, сонымен қатар елді мекендерде жолдар жөнделіп, салынады. Құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан аудандарға тоқталар болсам, онда инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үйлердің құрылысы аяқталғаннан кейін ғана жолдар салынады; оған дейін жауапты басқарма уақытша төсеммен қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, қазір коммуналдық қызметтер су тасқынына қарсы белсенді жұмыс жүргізіп жатыр: қар шығару, коллекторларды, науа-арық желісін, бақылау және жаңбыр қабылдау құдықтарын тазалау және тағы басқа, - дейді Жеңіс Қасымбек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атақты «Голливуд» қызыл жалынға оранды: Лос-Анжелестегі өрттен бес адам қаза тапты
272 миллион теңге: жол белгілеріне бөлінген қаржы жымқырылған
Алматыда қар еріту пункті іске қосылды
Бактериялар Альцгеймер ауруын тудырады
Қазақстанда алаяқтар 24 миллиард теңгені жымқырған
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Көлік салығы толығымен алынып тасталды
Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қар тазалауға көліктер кедергі келтіруде
Тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеңіздер
Қаладан 15 200 текше метрге жуық қар сыртқа шығарылды
2024 жылы полиция есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойды
2025 жылы қандай бағдарламамен үй алуға болады?
Қар да кәдеге асады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
NASA ғарышкерлері қаңтарда ашық кеңістікке екі рет шығады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Үндістандағы діни фестивальда 6 адам қаза тапты
Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады
Алматыда дәрігерлер бірегей ота жасап, жүкті әйелді аман алып қалды
Қазақстанда айналымы 24 млрд теңгені құрайтын 6,2 мың «дроп-карта» анықталды