Алдағы екі жылда Алматыда Қытай көліктерінің өндірісі іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша, кемінде 220 мың авто өндірісі бар автокластерді қалыптастыру шеңберінде жобалық қуаты 170 мың автомобильге дейінгі 2 жаңа автозауытты іске қосу жоспарлануда. Осы жоба аясында қытайлық Changan, Chery, Haval брендтерінің мультибрендтік зауыты – жылына 90 мың авто және Orbis Manufacturing зауыты – жылына 80 мың авто құрылады. Алматыда экономиканы сапалы дамыту үшін жыл сайын 10% деңгейінде өсіммен инвестициялар тарту жоспарлануда. 2024 жылы-1,8 трлн теңге, 2025 жылы – 2,1 трлн теңге.Индустриялық аймақты кеңейту 2025-2026 жылдары 230 млрд теңге сомасына қосымша жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар Алматы экономикасының 2025 жылы 6,5%-ға дейін өсуін жеделдетуге бағытталған.