"Қытай көліктерін алмаңыз",- сарапшы

«Қытай көліктерін алмаңыз». Көрші елдің сарапшылары осылай деп айды аспанға шығарды. Темір тұлпардың сапасына өздері де көңілдері толмай отырған секілді. Ал біз неге құмартып отырмыз? Сүндет Оралбек анықтап көрді. Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ: Бұрын ердің қанаты ат десек, қазір темір тұлпарың болмаса тірлігің бітпейді. Есті шығаратын ескі көлікке екінің бірі жолай қоймайтын болды. Жаңасын тақымдауды тәуір көреді. Қымбатына қаржы жетпейді. Сондықтан осындай аспан асты елдің өнімін жаппай алып жатыр. Ерқанаттың таңдауы осы елдің көлігі болды. Бағасы қолжетімді, жүрісі жақсы, жүргізушіге барлық жағдай жасалған дейді. Ерқанат СӘРСЕНБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қазір әлеуметтік желі болсын, былайынша да Қытай көліктері өте сапасыз дегенге саяды. Мен оған келіспеймін. Қазір ауыр техника дейміз ғой, құрылыста жүрген трактор болсын, крандар босын Қытай техникасын бәрі мақтайды. Сондықтан менде Қытай көлігін аларда қорқыныш болмады. Аспан асты елінің көліктері бүкіл әлемді жаулап алды. Өткен жылы 43 млн-ға жуық коммерциялық және жеңіл автомобиль сатылған. Оның 4-тен бірі қытайлықтарға тиесілі. Осылайша олар неміс, жапон, американың көліктерін сатылым жағынан басып озды. Мамандар дәл осы қарқын сақталса бірер жылда әлемнің алпауыттары қытай көліктерінің шаңына да ілесе алмауы мүмкін дейді. Ал халықтың ойы бұл көліктерге келгенде екіге бөлінді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Енді жаңаның аты жаңа ғой. Ресейден келіп жатыр ғой ескі көліктер. Оған қарағанда жаңасы дұрыс емес па? - Біз олардың кепіл мерзімін білмейміз ғой.4-5 жыл өтсін. Уақыт көрсетеді сапасы қандай екенін. Содан кейін алуға бола ма, жоқ па көреміз. - Қытай көліктері ұнамайды шынымды айтсам. 1 жыл айдайсың да бұзылып кетеді. Әлеуметтік желді аспан асты елінің көлігінің сапасына сын айтқан осындай видеолар аз емес. Оны қытайлық сарапшылары да қолдайды. Көрші елдің ақпарат агенттіктері маңдай термен жинаған қаржыны көлікке жұмсауға асықпаңыз дейді. Себебі өндірушілер сапаға мән беріп жатқан жоқ деп жазған. Оның үстіне көліктер көз ілеспес жылдамдықпен жаңаруда. Ал олардың қосалқы бөлшектері бір-біріне келмейді. TOUTIAO.COM САЙТЫНА ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАДАН: Сырты мен салоны әдемі, үлкен экраны бар, жылтыраған көлік көрсеңіз жабыса кетпеңіз. Шын мәнінде бұлардың түкке керегі жоқ. Бастысы көліктің сапалы болғаны. Шығарып жатқан көліктің көбі шикі. Көшеден қытайлық маркалы көлікті көп көретін болдық. Былтыр елімізде сатылған жаңа темір тұлпардың 15 пайыз солардікі.  Оңғар АЛПЫСБАЙ, САРАПШЫ:Олардың көліктерінде көп нәрсе бар. Көмекшілер бар. Өте көптеген жаңа технологиялар пайдаланылған. Олар қазір өте жақсы жұмыс істеп тұр. Дегенмен уақыт өте келе қосымша құрылғы көп болғандықтан болашақта бұзылатын затта көп деген сөз. Яғни көліктің бағасы сол қалыпта қалуы өте қиын. Қазір еуропалықтар қытай кәсіпкерлеріне шағымдануда. Неге дейсіз ғой. Қытай билігі кәсіпкерлерге субсидия беруде. Соның арқасында Еуропада аспан асты елінің өнімі өз бағасынан да төмен сатылуда. Осылайша автоөндірушілер арасында әділетсіз бәсекелестік орнады. Қытайлықтар осы тәсілмен бүкіл әлемнің автопаркін жаулап алмақ. Салдарынан жаңа темір тұлпарлардың құны болашақта тағы да түсуі мүмкін дейді сарапшылар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған кеш өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті