Қытай Пентагон атып түсірген зондқа байланысты наразылық білдірді

ҚХР Атлант мұхиты үстінде F-22 жойғышы атып құлатқан зондқа байланысты АҚШ-ты айыптап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.Бейжің Вашингтонның Америка Құрама Штаттарының аумақтық суының үстіндегі нысанды атып түсіру шешімін айыптады. Беймәлім нысанды Вашингтон «қытайлық барлаушы зонд» деп атаған еді. Мұны Қытай сыртқы істер министрлігінің жексенбі күні жариялаған мәлімдемесінен көруге болады. ҚХР АҚШ-ты «шамадан тыс реакция көрсетіп, халықаралық тәжірибені өрескел бұзды» деп айыптап отыр. Бейжің «пилотсыз басқарылатын ұшу аппараты» деп сипаттаған нысанға АҚШ-тың шабуыл жасап, күш қолдануына Қытай барынша наразы және қарсы» дейді ведомство. ҚХР СІМ әрі қарай тиісті жауап қайтару құқығын өзіне қалдырады. Еске салайық, 4 ақпанда АҚШ Оңтүстік Каролина жағалауында Атлант мұхитының үстінен ұшып бара жатқан Қытай аэростатын атып түсірген болатын. Бұған дейін АҚШ аспанында жұмбақ шар пайда болып, оны Пентагон тыңшылық жасап жүрген Қытайдың объектісі деп мәлімдеген. Бейжің мұның қате екенін айтып, асығыс шешім қабылдамауға шақырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Қазақстан әлем чемпионатында кімдермен және қашан ойнайды?
"Жетісудан" кеткен Қайрат Нұрдәулетов жаңа клуб тапты
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды