Қытай Украина-Ресей қақтығысы бойынша өз ұсынысын жариялады

Бүгін Қытай Украина-Ресей қақтығысы бойынша өз ұсынысын жариялады. Ол 12 тармақтан тұрады. Қытай жоспары соғысты тоқтата ала ма? Толығырақ Сүндет Оралбеков айтады.Осыдан тура бір жыл бұрын, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арнайы әскери операцияның басталғаны туралы хабарлады. Сол күні бауырлас екі мемлекет арасында қанды қақтығыс басталды.Бірінші Украинаның Одесса, Харьков, Краматорск, Мариуполь қалалары соққы алды. Шахардың қазіргі ахуалы осындай. Бүлінген инфрақұрылымға қарамастан, олар соғысқа төтеп берген. Мұндай көріністі президент Владимир Зеленский арнайы бейнежазба арқылы Украина халқына есеп ретінде жолдады.Владимир ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:Біз барлық қауіп - қатерлерді жеңеміз - атыс, бомба, зымыран, камикадзе дрондары, электр қуатын өшіру, суық. Біз бәрінен күштіміз. Бұл -төзімділік жылы, жанашырлық жылы, батылдық, азап жылы, Үміт жылы, табандылық, Бірлік жылы. Оның басты қорытындысы - біз аман қалдық. Біз жеңілген жоқпыз. Біз биылғы жылы жеңіске жету үшін бәрін жасаймыз.Ал Кремль үнсіз. Владимир Путин 22 ақпанда ғана федералды жиналыстың алдында бұл жағдайға қатысты көзқарасын білдірген.Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Украина қақтығысының өршуі, ондағы құрбандардың көбеюі- Батыс элиталарына жүктелетін жауапкершілік. Батыстықтар үшін украин халқы бөтен. Олар Ресейге зиян келтіру мақсатын жасырған емес. Мұны олар - стратегиялық жеңіліске балап отыр. Бұл - біздің біржолата жеңілгенімізді күтіп отыр деген сөз.Украина-Ресей өкілдері бірнеше рет келіссөз өткізсе де, бейбіт келісімге әлі қол жеткізе алмады. Бүгін Қытай 12 тармақтан тұратын украин дағдарысын шешудің бейбіт жоспарын жариялады. Құжатта "қақтығысты тоқтату, егемендікті бұзбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау" және басқа да мәселелер айтылған.Ван ВЭНЬБИНЬ, ҚХР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:Біз әрқашан дағдарысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған барлық күш-жігерді көтермелеу және қолдау керек деген позицияны ұстандық. Қытай халықаралық қауымдастық пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, бұл мәселе бойынша Қытайдың ұстанымын көрсететін құжат негізінде саяси реттеу де сындарлы рөл атқарады.Айтпақшы, Қазақстан, сондай-ақ Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және басқалар Украина туралы қарар бойынша БҰҰ Бас ассамблеясында дауыс беру кезінде қалыс қалды. Ал Еуропа елдері Қытайдың Ресейді Украинадағы қимылдарын тоқтатуға көндіре алатынына күмәнмен қарап отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Зомбылық түбі – қорлық
“Бір плюс, бір минуспен аяқталды“. Экономист 2024 жыл туралы
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды
2024 жылы ең көп қойылған есімдер. Тізімде кімдер көш бастап тұр?
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Жел, көктайғақ, тұман: 24 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жамбыл облысында электровоз жөндеу депосы іске қосылады
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы қоныс тойын тойлады
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Салтанат кейсі: 2024 жылғы тұрмыстағы шулы зорлық оқиғалары
Астанада шаңғы маусымы ашылды
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Төл шаңырақ – жетім жүрек жәннаты
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Қаңғыбас ит қауіп тудырады
Бай боламын десеңіз... Жаңа 2025 жылға жоспар қалай құрамыз?
Ғасыр дерті S.O.S
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет
Жаңажылдық базарлық