Қытайда 35 жасқа толған қызметкерді қартайған деп жұмыстан қысқартады

Қытайда 35 жасқа толған қызметкерді қартайған деп жұмыстан қысқартады

Жасы ұлғайған қызметкерлерге қатысты кемсітушілік, әсіресе, технологиялық секторда байқалады. Бұндай компаниялар 35-ке толған қызметкердің орнына одан жас қызметкерді алады.Қытайдың технологиялық компанияларында 35 жастағы қызметкерлер «қартайған» деп қысқартылатыны туралы  Financial Times басылымы көлемді материал жариялады. Осы материалға сүйенген Aikyn.kz еңбек нарығындағы тенденцияның себебін түсіндіреді.Kuaishou қысқа видео жасау қосымшасындағы қызметіне қауіп төнгенін 34 жастағы Лаобай өзінің 35 жастағы әріптесі жұмыстан қысқарып, босатылған кезде түсіне бастады. «Мен таңғалдым да, қорқа бастадым. Екеуіміздің жағдайымыз өте ұқсас екенін және жақын арада менде де солай болуы мүмкін екенін сездім», – дейді бұрынғы жұмыс берушінің қудалауынан қорыққан қызметкер Лаобай деген бүркеншік атты пайдаланып.Лаобай 35 жасқа толған күннен кейін бірнеше ай өткен соң, код жазушы жұмыстан босатылады. Kuaishou компаниясының қайта құру стратегиясының бірнеше құрбандарының айтуынша, компания 30 жастан асқан қатардағы қызметкерлерді қысқартуды жалғастыруда.Лаобай сияқты қысқартылған адамдарға олардың жұмыстан босатылуы компанияның жалпы қысқарту бағдарламасының бір бөлігі екені айтылған.«35-тің қарғысы» деп аталатын бұндай оқиғалар қытайлық ақ жағалылар жұмыс істейтін барлық кәсіптерге тән құбылыс. Басты себеп – 35-тен кейін жұмысшылар отбасын құрып, өзінің кәсіби міндеттері мен отбасылық міндеттерді қатар алып жүрулері тиіс. Сондықтан олар компания үшін ұзақ уақыт жұмыс істеуге дайын емес деп саналады.Қытайдың технологиялық секторы ресми Бейжіңнің қысымынан және экономикалық құлдыраудан кейін, соңғы бірнеше айда ондаған мың жұмыс орындарын қысқартуға мәжбүр болған. Егде жастағы жұмысшылар бірінші қысқартуға ұшыраған. Технологиялық компаниялар жас және жалғызбасты жұмысшыларға басымдық беретінін жасырмайды.«Техникалық сектордағы жас ерекшелігі үлкен проблема. Қарт жұмысшылар соңғы технологиялық жетістіктерге ілесе алмайды, ауыр жұмысты жалғастыруға күштері жоқ және олар тым қымбат деген түсінік бар», – дейді Бейжіңдегі еңбек заңгері Ян Баочуан.Қытайдың еңбек заңнамасы жұмыс берушілерге ұлты, жынысы және діні сияқты белгілер бойынша кемсітуге тыйым салғанымен, жас ерекшеліктеріне қатысты шектеулер қоймайды.Бірақ Янның айтуынша, қоғамның көпшілігі қарт адамдарға қатысты кемсітушілікке тыйым салу мағынасында заңдық қорғаулардың бар деп түсінгендіктен, жұмыс берушілер жұмыстан шығару себебі ретінде жасқа қатысты себептерді тікелей көрсетпейді.Қытайлық технологиялық компаниялардың бас директорлары жас жұмысшыларды қалайтыны туралы көптен бері жария етіп келеді. 2019 жылы Tencent президенті Мартин Лау компания менеджерлерінің 10 пайызын ауыстыру жоспарын жариялап, «олардың жұмыстарын жас адамдар, ынтасы зор жаңа әріптестер толтырады» деп мәлімдеген. Baidu бас директоры Робин Ли де 2019 жылы таратылған ішкі хатында компанияның «1980 және 1990 жылдардан кейін туған жұмысшыларды көбейту арқылы жасару» жоспарын жариялаған.«20 мен 30 жас аралығындағы адамдардың көпшілігі энергияға толы. Мұндай жаста олар компания үшін өзін құрбан етуге дайын. Бірақ сіз ата-ана болып, денеңіз қартая бастағанда, 996 кестесіне қалай ілесесіз?», – дейді Meituan компаниясының бұрынғы сату менеджері.Ол да қытайлық технологиялық сектордың атышулы: таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін аптасына 6 күндік жұмыс кестесіне ашық сілтеме жасайды. TikTok видео қолданбасы бар ByteDance және электрондық коммерция алыбы Pinduoduo қытайлық технологиялық компаниялар арасындағы ең жас жұмыс күшіне ие екені жиі айтылып келеді. Maimai кәсіби желілік сайтының 2020 жылғы соңғы деректеріне сәйкес, олардың қызметкерлерінің орташа жасы - 27 жас. Kuaishou қызметкерлерінің орташа жасы - 28 жас, ал DiDi такси шақыру қолданбасы үшін - 33 жас. Бұны да Maimai деректері көрсеткен. Бүкілқытайлық кәсіподақтар федерациясының мәліметі бойынша жұмысшылардың орташа жасы 38,3 жас болады.Бұл тенденция технологиялық сектордағы экономикалық құлдырау мен мемлекеттік реттеудің қатаңдауына байланысты жұмыстан босатуды одан әрі күшейткен.«Пандемияға дейін технология секторы тым тез кеңейді, содан кейін үкіметтің қысымы басталды. Біз қазір қымбат тұратын басқару деңгейін қысқартудамыз», – дейді Financial Times басылымына берген сұхбатында тағы бір интернет-компанияның менеджері.35 жылдың дағдарысы технологиялық сектордың қызметкерлерін қатты алаңдатады. 2023 жылы Lagou Zhaopin рекрутингтік платформасының сауалнамасы бағдарламашылардың 87% 35 жастан кейін жұмыстан босатылғанын немесе жаңа жұмыс таба алмайтынын көрсеткен.Жұмысынан айырылғаннан кейін 35 жастан асқан адамдарға «жаңа жұмыс табу қиынға соғатынын» Бейжіңдегі еңбек заңгері Ян Баочуан да растайды.Қытайдың көптеген мемлекеттік органдары да мемлекеттік қызметке үміткерлерді 35 жасқа толмағандармен шектейтінін Financial Times басылымы жазады. Қызмет көрсету секторы, соның ішінде мейрамханалар мен қонақүйлерге арналған жұмыс туралы хабарландырулар да жас үміткерлерге арналған. Бұл мансабын өзгерткісі келетін немесе уақытша кездейсоқ жұмыс тапқысы келетін 30 жастан асқан техникалық қызметкерлер үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін азайтқан.Жақында көлік жалға беретін ірі компаниядан қысқартылған 38 жастағы компьютерлік бағдарламашы жаңа жұмыс табу қиын болғанын айтқан. «Еңбек нарығы өте нашар, өткен жылғыдан да нашар, әсіресе мен сияқты егде инженерлер үшін», – дейді ол.Ал Financial Times мақаласының кейіпкері Лаобай өзін санаулы жолы болғыш адамдардың бірімін деп санайды:«Екі балам бар, әйелім жұмыс істемейді. Басқа технологиялық компания бір ғана басшылық лауазым қызмет ұсынды, мен сол лауазымға қабылдану бақытына ие болдым. Егер бұл мүмкіндік болмаса, мен бұрынғы Kuaishou-дың көп қызметкерлері сияқты жұмыссыз қалар едім».Міне, көрші Қытай еліндегі еңбек нарығындағы бәсеке осындай қатал. Басты себеп, 1,4 млрд халқы бар мемлекеттің серпінді дамуы үшін жұмыс орындары үшін күрес те жойқын болады. XXI-ші ғасырдан бастап адамзат өркениетінің көшін халқы көп, ішкі жағдайы тұрақты, халықаралық байланыстарда сенімді, беделді елдер бастайтыны дәлелденіп келеді.     Қазақстанның «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңының 1-бабына сәйкес 14 пен 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар деп танылады. 35 жасқа толған қазақстандықтар жастар санатына жатпайды. Бұдан қандай қорытынды шығарамыз?20 млн-ға енді жеткен, жер көлемі мен байлығы, табиғи ресурстары 500 млн адамды қамтамасыз етуге еркін жететін мемлекетіміздің алдағы ғасырда тәуелсіз ел болып сақталуы үшін елдің қамын ойлайтын әділ басшы, отансүйгіш, тәрбиелі, ақылды жастар ғылым мен білімді таңдауы керек. Ол үшін қытайлық жастар сияқты өзін-өзі дамытып, күресу қажет. Байқадыңыз ба, Financial Times мақаласының кейіпкері Лаобай да, менеджерлер мен заңгер де мемлекетті кінәлап, мемлекет неге көмектеспейді деген бір сөз айтпайды. Олар тек өзіне сенеді, қабілетіне және қоғамдағы әділеттілікке сенеді.Біздің жастар да өзіне, өз біліміне сенетін болып өссе, ал мемлекет әділетті болса, ресми органдар да, еңбек нарығы да әркімді қабілетіне сай таңдайтын болса Қазақстанның болашағы керемет болады! Дамудың басқа жолы бар ма?..

Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
  • baq.kz
Бүгін финалда қазақ-өзбек боксшылары өзара 7 алтын жүлдеге таласады
Бүгін финалда қазақ-өзбек боксшылары өзара 7 алтын жүлдеге таласады
  • Msports
Ольга Рыпакова жеңіл атлетика федерациясын басқаратын болды
Ольга Рыпакова жеңіл атлетика федерациясын басқаратын болды
  • 1bol.kz
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді
  • aqshamnews
Президент Хелен Кларкты қабылдады
Президент Хелен Кларкты қабылдады
  • aqshamnews
«Өндіруші» өз өнімдерімен елді қуанта алмай қалды
«Өндіруші» өз өнімдерімен елді қуанта алмай қалды
  • aqshamnews
Қазақстанда «100 медиативті мектеп» жобасы іске қосылды
Қазақстанда «100 медиативті мектеп» жобасы іске қосылды
  • aqshamnews
Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы апатты жағдайдағы ағаштардың орнына ірі көшеттер отырғызылады
Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы апатты жағдайдағы ағаштардың орнына ірі көшеттер отырғызылады
  • aqshamnews
«Алматы» спорт клубының спортшылары Х Азия Тынық мұхиты ойындарында 12 медаль жеңіп алды
«Алматы» спорт клубының спортшылары Х Азия Тынық мұхиты ойындарында 12 медаль жеңіп алды
  • aqshamnews
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында алтын медаль алды
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында алтын медаль алды
  • aqshamnews
Заң – үлкен-кішіге ортақ
Заң – үлкен-кішіге ортақ
  • aqshamnews
Қазақстанда 108 жастағы сиырлар пайда болыпты
Қазақстанда 108 жастағы сиырлар пайда болыпты
  • aqshamnews
Су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алады
Су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алады
  • aqshamnews
Смайылов субсидия қаржысы қалай ұрланатынын айтты
Смайылов субсидия қаржысы қалай ұрланатынын айтты
  • aqshamnews
Алматыда демалыс жәрмеңкелері жаңарды
Алматыда демалыс жәрмеңкелері жаңарды
  • aqshamnews
Ел игілігі үшін атқарылған өмірлік еңбек
Ел игілігі үшін атқарылған өмірлік еңбек
  • aqshamnews
Х Азия Тынық мұхиты ойындарында есту қабілеті нашар адамдар арасында бақ сынаған  қазақстандық спортшылар 66 медаль жеңіп алды
Х Азия Тынық мұхиты ойындарында есту қабілеті нашар адамдар арасында бақ сынаған қазақстандық спортшылар 66 медаль жеңіп алды
  • aqshamnews
Білім саласын цифрландырудың тиімділігі
Білім саласын цифрландырудың тиімділігі
  • aqshamnews
Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атана алмады
Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атана алмады
  • aqshamnews
Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан аса алмады
Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан аса алмады
  • aqshamnews
Дәрігерді балағаттасаңыз – 39 320 теңге айыппұл төлейсіз
Дәрігерді балағаттасаңыз – 39 320 теңге айыппұл төлейсіз
  • aqshamnews
Қазақстандық мамандар Германияның тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу тәжірибесін зерттеп жатыр  
Қазақстандық мамандар Германияның тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу тәжірибесін зерттеп жатыр  
  • aqshamnews
Бұлақ көрсең көзін аш!
Бұлақ көрсең көзін аш!
  • aqshamnews
AMANAT депутаттары үкіметке талап қойды
AMANAT депутаттары үкіметке талап қойды
  • aqshamnews
Барын салды. Диас Молжігітов АЧ финалында өзбек боксшымен жұдырықтасты
Барын салды. Диас Молжігітов АЧ финалында өзбек боксшымен жұдырықтасты
  • Vesti
Тағы да күміс: Абылайхан Жүсіпов өзбек боксшысына есе жіберді
Тағы да күміс: Абылайхан Жүсіпов өзбек боксшысына есе жіберді
  • sn.kz
Абылайхан Жүсіпов те өзбек боксшысынан жеңіліп, Азияның күміс жүлдесін алды
Абылайхан Жүсіпов те өзбек боксшысынан жеңіліп, Азияның күміс жүлдесін алды
  • 1bol.kz
Дулат Бекбауов өзбек боксшысына есе жіберді
Дулат Бекбауов өзбек боксшысына есе жіберді
  • bassport.kz
Өзбек боксшысы Абылайханды "алтынсыз" қалдырды
Өзбек боксшысы Абылайханды "алтынсыз" қалдырды
  • penalty
«Адами парымыз жоғары тұрды»: Нұрғанат Ғайыпбаев 2021 жылы екі адамды құтқарып алғанын ел біле ме
«Адами парымыз жоғары тұрды»: Нұрғанат Ғайыпбаев 2021 жылы екі адамды құтқарып алғанын ел біле ме
  • qaz365.kz
Прокурорлар Шерзат Болаттың туыстарымен болған оқиғадан кейін үндеу жасады: 11 желтоқсан 2024, 14:24 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Прокурорлар Шерзат Болаттың туыстарымен болған оқиғадан кейін үндеу жасады: 11 желтоқсан 2024, 14:24 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Бекбауов алтын жүлдесіз қалды
Бекбауов алтын жүлдесіз қалды
  • penalty
Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті: 11 желтоқсан 2024, 12:11 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті: 11 желтоқсан 2024, 12:11 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Хромтауда студенттермен кездесті: 10 желтоқсан 2024, 14:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Хромтауда студенттермен кездесті: 10 желтоқсан 2024, 14:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды: 10 желтоқсан 2024, 14:29 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды: 10 желтоқсан 2024, 14:29 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Ақтөбе облысына барды: 10 желтоқсан 2024, 14:08 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Ақтөбе облысына барды: 10 желтоқсан 2024, 14:08 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
«Ешкімнің басына түспесін»: Түрмеден шыққан белгілі актер бәрінің қалай болғанын айтып берді (ВИДЕО)
«Ешкімнің басына түспесін»: Түрмеден шыққан белгілі актер бәрінің қалай болғанын айтып берді (ВИДЕО)
  • sn.kz
Айтылмаған Алаш ақиқаты  (Алаш кезеңі жайлы жаңа кітаптар жарық көрді)
Айтылмаған Алаш ақиқаты (Алаш кезеңі жайлы жаңа кітаптар жарық көрді)
  • e-history.kz
«Қош келдің өміріме»: Ақбота-Нұр жеке өміріндегі жаңалығын жария етті
«Қош келдің өміріме»: Ақбота-Нұр жеке өміріндегі жаңалығын жария етті
  • sn.kz
Роза Рымбаева секілді немеремді құшақтап отырғым келеді – Мақпал Жүнісова
Роза Рымбаева секілді немеремді құшақтап отырғым келеді – Мақпал Жүнісова
  • sn.kz
Шерзат Болаттың өлімі: тергеу жылдың соңында аяқталады
Шерзат Болаттың өлімі: тергеу жылдың соңында аяқталады
  • halyq-uni
Экологиялық құндылықтар стартап жобалар арқылы көпшілікке таныстырылмақ
Экологиялық құндылықтар стартап жобалар арқылы көпшілікке таныстырылмақ
  • almaty_tv
Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жаңа бастық тағайындалды
Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жаңа бастық тағайындалды
  • Otyrar
Жоғары аудиторлық палата келер жылы қандай мекемелерге тексеріс жүргізеді
Жоғары аудиторлық палата келер жылы қандай мекемелерге тексеріс жүргізеді
  • almaty_tv