ТЖМ сейсмикалық жағдай бойынша жедел ақпарат таратты.ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен өткен тәулікте 2024 жылғы 30 қаңтарда Қытай аумағында 6 жер сілкінісі тіркелді, оның 1-і Қазақстан аумағында 04 сағатт 27 мин. 36 сек. сезілді. Оның эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ. Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.
Жаңалықтар






























