Қытай билігі COVID-19 пандемиясы кезінде науқасқа және өлі адамдарға толы ауруханалардың видеосын жариялаған, үш жыл бұрын жоғалып кеткен адамды түрмеден босатқалы жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.Қытай билігі жексенбі күні COVID-19 пандемиясы кезінде науқасқа және өлі адамдарға толы ауруханалардың видеосын жариялаған, үш жыл бұрын жоғалып кеткен адамды босатқалы жатыр, деп ABC News оның інісінің және осы іспен жақсы таныс тағы бір адамның сөзін келтіреді. Фан Бинь және азаматтық журналистер деп өзін атаған басқа да қоғам өкілдері 2020 жылдың басында пандемия туралы мәліметтерді интернет пен әлеуметтік желілерде жариялады. Осы үшін Қытайда бірқатар шенеуніктер ұятқа қалды.Дәстүрлі қытай киімін сататын Фан Twitter-де жариялаған соңғы видеосында: "Барлық азамат қарсылық көрсетуде, билікті халыққа қайтарыңдар" деген жазудағы қағазды ұстап тұрған болатын. Фан ісі - пандемия басталғанда инфекция жұқтырушылардың көбісін санаққа ілмеген Қытайдағы цензураның бір парасы. Сотталушымен жақын таныс екі адамның айтуынша, ол жексенбіде босатылуы керек еді. Олардың бірі Фан "дау-дамай тудырып, қиындықтарға жол бергені" үшін үш жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты.