Қытайдың Харбин қаласында ерекше мұз қалашық пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.«Жэньминь Жибао» газетінің хабарлауынша, 5 қаңтарда Харбинде 40-ыншы халықаралық қар-мұз фестивалі өткен. Харбин биылғы қыста ең танымал туристік қала аталып, әлеуметтік желідегі қызу талқыланып жатыр. Тіпті мұз қалашық жаңа жылдағы демалыстың үш күнінде 3 млн-нан астам шетелдік туристі қабылдап үлгерген. Ал туризмнен түскен табыс 5,9 миллиард доллардан асып түскен. Харбин шетелдік туристерін таңғалдырудан жалықпай, қонақжайлығын барынша көрсетіп жатыр. Харбиндіктер қаласына келген туристерді әуежайда оркестрмен қарсы алып, тіпті көлігі бар тұрғындар туристерді қонақ үйлеріне дейін тегін жеткізіп жатыр. Қар-мұз маусымы басталмас бұрын, Харбин қоғамның әр саласынан мәдени туризмді сынайтын азаматтарды шақырып, көрініс аумағына, қонақ үйлерге, сауда орталықтарына апарған. Олар қонақтарды қалай күтетінін бағалаған. Осылайша жергілікті билік осы ұсыныстар бойынша өзгерістер енгізіп, кем тұстарын толықтырған.