Бүгін Қытайдың солтүстігіндегі Хэбей провинциясының Санхэ уезіндегі ресторанда жойқын жарылыс болды.Бұл сәт бақылау камерасына түсіп қалған. Соңғы мәліметке қарағанда, 1 адам қаза тауып, 22-сі жараланды. Кейбір болжамдарға сүйенсек, жарылысқа газдың тарауы түрткі болса керек. Дегенмен нақты себебі анықталған жоқ.Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қираған мейрамханаға құтқарушылар мен тергеушілер тобы жетті.