Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Дечжоу қаласындағы Пингюань уезінде күші 5,5 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 21 адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.Апат жексенбі күні таңғы сағат 7:00-де Бейжің уақытымен сағат 2:33-те орын алған. Қытайдың интернет-ақпарат орталығының мәліметінше, Шығыс Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Дечжоу қаласындағы Пингюань уезінде болған күші 5,5 балдық жер сілкінісі салдарынан 21 адам зардап шеккен. Жергілікті биліктің мәлімет еткендей, жерасты дүмпулерінің ошағы орналасқан ауданда 126 ғимарат опырылған. Көлік, байланыс және электрмен жабдықтау жүйелері қалыпты жұмыс істеп тұр. Мұнай және газ құбырларынан ағып кетулер болмаған. China Railway Beijing Group Co., Ltd компаниясының мәліметі бойынша, Бейжің, Тяньцзинь және Канчжоу қалаларынан келетін 20-дан астам пойыз, Шицзяжуан-Цзинань жоғары жылдамдықты темір жолындағы 30 пойыз тоқтатылған. Жергілікті билік құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және ықтимал қауіптерді бағалау үшін бірден қауіпсіздік шараларына кірісе бастады.