Қытайдың орталығындағы Хэнань провинциясындағы көмір шахтасындағы апаттан 61 адам шыға алмай қалып, 14-і із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.Оқиға 12 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында Хэнань провинциясындағы Қытайдың Пинмей Шэньма көмір кенішінде болды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады.Оқиға орнында құтқару жұмысы жалғасып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, апатқа желдету жүйесінің сыртқы бөлігіндегі газ бен көмірдің бөлінуі себеп болған.Қытай билігі оқиғаны тергеп жатыр.