Қытайда мүгедек жандарға арналған робот-ит жасап шығарылды

Қытайлық инженерлер мүгедектерге арналған робот ит жасап шығарды. Жоба жасанды интеллектке негізделген. Ақылды құлтемір естиді, көреді тіпті сөйлей де алады. Заманауи ит алғашқы рет Шанхай қаласында сынақтан өтті,-деп хабарлайды 24kz. Робот ит мүмкіндігі шектеулі жандарға жол нұсаушы. Жоба авторлары обаста осыны мақсат еткен. Сондықтан дизайннан гөрі навигация мен қауіпсіздікке басымдық берілген. Ол төңіректегі дыбыстарды естиді. Қожайынының тапсырмасын бұлжытпай орындайды. Сондай-ақ, айналасын көреді және сөйлей де алады. Тағы бір ерекшелігі төрт емес, алты аяғы бар. Секундына 1,6 метр жылдамдықпен қозғала алады. Чэнь Чжицзюнь, жоба авторы: - Бұған дейінгі үлгілерде төрт аяқты болып жасалған. Ол өте ыңғайсыз. Тепе-теңдікті ұстау үшін үнемі қозғалыста болуы тиіс. Көп қуат қолданады. Ал мына алты аяқты модель бірден үш аяғы қатар жұмыс істейді. Бұл кедергілерден оңай өтіп, тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Ақылды үй жануарын алғаш болып Ли Фэй сынақтан өткізді. 41 жастағы келіншектің көз жанары көрмейді. Жүріп-тұруы үшін арнайы нұсқаушы ертіп жүруі тиіс. Енді ол құлтемірдің көмегімен қалаған жеріне бара алады. Ли Фэй, Шанхай қаласының тұрғыны: - Таңқалып тұрмын. Ол мені жетектегенде жолым теп-тегіс сияқты сезілді. Кедергілерден өту, баспалдаққа мініп-түсу, жылдам жүру, жолдан өтуге таптырмайтын көмекші. Бұл біз сияқты жандарға нағыз қажет құрылғы. Ештеңге алаңдамай еріп жүре бересің. Тағы бір ерекшелігі үнемі интернетке қосылуды қажет етпейді. Ол бір жүрген маршрутты жасанды жадыға сақтап сол бойынша жүре береді. Жүру жылдамдығын қожайыны өз ыңғайына қарай реттей алады. Чэнь Чжицзюнь, жоба авторы: - Қарғыбауды тартсаң жәй жүреді, қаттырақ қысса шапшаң қимылдайды. Бірақ әлі де жетілдіре түсу керек. Зағип адам кілт тоқтап, бұрылған сәтте алдын ала ескерту мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Оны соңғы сынақ кезінде байқадық. Айта кету керек, бүгінде Қытайда 17 миллион зағип адам өмір сүреді. Оларды үнемі жетектеп жол бастап жүретін нұсқаушы тапшы. Мамандар осы робот иттің көмегімен мүгедек жандардың өзгеге тәуелділігін азайтуға ниетті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Асын ішіп, аяғына түкіру» дейді мұндайды»: Димаштың анасы танымал ресейлік блогерді орнына қойды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
“Бір плюс, бір минуспен аяқталды“. Экономист 2024 жыл туралы
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды
2024 жылы ең көп қойылған есімдер. Тізімде кімдер көш бастап тұр?
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Жел, көктайғақ, тұман: 24 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жамбыл облысында электровоз жөндеу депосы іске қосылады
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы қоныс тойын тойлады
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Салтанат кейсі: 2024 жылғы тұрмыстағы шулы зорлық оқиғалары
Астанада шаңғы маусымы ашылды
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Төл шаңырақ – жетім жүрек жәннаты
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Қаңғыбас ит қауіп тудырады
Бай боламын десеңіз... Жаңа 2025 жылға жоспар қалай құрамыз?
Ғасыр дерті S.O.S
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет
Жаңажылдық базарлық