Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 144 адамға жетті. Бұл туралы Қытайдың Орталық телеарнасы мәлім етті.Жаңарған деректер бойынша 113 адам Ганьсу провинциясында, ал 31 тұрғын Цинхай провинциясында мерт болған. Үш адам әлі де із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Дүйсенбі күні кешке Ганьсу провинциясының Цзишишань уезінде магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған болатынбыз. Іздеу-құтқару жұмыстары күрделі метеорологиялық және географиялық жағдайларға байланысты қиындаған. Жер сілкінісі болған кезде түнде ауа температурасы -15 градусқа дейін төмендеді. Магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жерасты дүмпулері Ганьсу провинциясының Цзишишань-Баоань-Дунсян-Салар автономиялық округінде тіркелді. Ошағы 10 км тереңдікте болған.