Қытайдың 3100 жылдық тарихы бар қаласын лай көшкіні басып қалды

Қытайдың солтүстік-батысындағы Сиань қаласына жақын маңдағы ауылды лай көшкіні басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.Оқиға 11 тамызда Сиань қаласының оңтүстігіндегі Вэйципин кентіндегі тауда болған. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан ығысқан жартас екі тұрғын үйді қиратты. Сонымен қатар, жолдар, көпірлер, электрмен жабдықтау нысандары зақымданған. Сиань қаласының төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, көшкін құрбандарының саны 21-ге жетті. Тағы 6 адам із-түзсіз жоғалған. Жергілікті билік іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастырып, оған 980-нен астам адам жұмылдырылды. Сонымен бірге апат аймағында байланыс пен электр қуатын беру қалпына келтірілуде. Сиань қаласының тарихы 3100 жылдан астам уақытты құрайды. Біраз уақыт бойы ол әлемдегі ең үлкен (ауданы бойынша да, тұрғындарының саны бойынша да) қала болды. Ол Қытай тарихында 13 мемлекеттің астанасы болды. Атап айтқанда Чжоу, Цинь, Хань, Суй және Тан дәуірінде. Айта кетейік, биыл Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылды. Салтанатты шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында өтті. Қазақстан Шэньси провинциясында дипломатиялық өкілдігін ашқан Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды