Қытайдың Иньчунь қаласында мейрамханалардың бірінде жойқын жарылыс болып, 31 адам қаза тапты. 7 адам жарақат алды. Оқыс оқиға сұйытылған газдың әсерінен болған. Қытай төрағасы Си Цзиньпин зардап шеккендерге көмек көрсетуді, тамақтану орындарындағы қауіпсіздік шараларын қайта қарауды тапсырды. Қазір қоғамдық қауіпсіздік органдары 9 адамды, оның ішінде менеджерді, акционерлерді және операциялық персоналды бақылауға алды. Жергілікті билік мейрамхананың қасындағы үйлердің тұрғындарын жақын маңдағы қонақ үйлерге уақытша көшірді.Парижде газ балоны жарылып, 37 адам зардап шекті. 4 адам ауыр халде. Қирандының астында 2 адам болуы мүмкін деген болжам бар. Оқиға Америка академиясының ғимаратында болды. Жарылыс салдарынан нысанның алдыңғы қабырғалары қираған. Оқиға орнында 200-ден аса өрт сөндіруші мен құтқару қызметі жұмыс істеуде. Жақын маңда тұратын тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Рахман ОЛИУР, ДҮКЕН МЕНЕДЖЕРІ: Мен бір әйелді көрдім. Оның қолы кесілген. Мұның бәрін қалай түсіндірерімді білмеймін, бұл қорқынышты. Квентин ХЬЮБЕРТ, СТУДЕНТ: Мен Валь-де-Грэйс шіркеуінің алдындағы алаңда болдым, телефонмен сөйлестім. Кенет қатты дыбыс естідім де, артқа бұрылып қарасам, биіктігі 20-30 метрдей алып отты шарды көрдім. Дәл фильмдердегідей. Жарылыстың шуы мен ауқымы мені шынымен таң қалдырды. Әлі күнге дейін құлағымда шырылдап тұр.