Қытайдың ірі қалаларының жартысына жуығы жерге батып барады

Осының салдарынан келешекте миллиондаған адам теңіз деңгейінен төмен жерде тұрып, алапат тасқындар қаупіне душар болуы мүмкін. Жұма күні жарияланған жалпыұлттық спутниктік мәліметтерге жүгінсек, Қытайдың ірі қалаларының жартысына жуығы жерге "орташа және қатты" батудан зардап шегіп отыр. Және де бұл жағдай миллиондаған адамды тасқын қаупіне ұшыратпақ, әсіресе, теңіз деңгейі көтерілгенде.Science журналында жарияланған мақаланың авторлары Қытайдың қалалық жерлерінің 45%-ы жылына 3 миллимет төмендеп бара жатқанын, ал 16%-ы 10 милимметрден астам бататынын анықтады. Бұл проблемаға біріншіден ғимараттар мен тұрғындардың көбеюі (қалалардың салмағы ауырлап барады), екіншіден жер астынан судың бұрынғыдан молырақ алынуы себепші екен.Қытайдың қалалық халқы қазірдің өзінде 900 миллионнан асып кетендіктен, "шөгіп жатқан жердің аз ғана бөлігінің өзі қала өміріне айтарлықтай қатер төндіруі мүмкін", - дейді Оңтүстік Қытай педагогикалық университетінің Ао Зуруи бастаған зерттеушілер тобы.Бұл бату Қытайға жыл сайын 7,5 миллиард юаньнан (1,04 миллиард доллар) астам шығын әкеліп отыр, ал келесі ғасырда жағалаудағы аудандардың төрттен біріне жуығы теңіз деңгейінен төмен болуы мүмкін. Бұның нәтижесінде жүздеген миллион адамды су басу қаупі туындайды екен."Бұл шынымен де Қытай үшін бір-екі жердің проблемасы емес, ұлттық мәселе екенін көрсетеді", - дейді Шығыс Англия университетіндегі Климаттың өзгеруін зерттеу жөніндегі Тиндалл орталығының ғалымы Роберт Николлс "Рейтер" агенттігіне берген сұқбатында.15 миллионнан астам тұрғыны бар солтүстіктегі Тяньцзинь - шөгуден ең қатты зардап шеккен қалалардың бірі. Өткен жылы мұнда 3000 тұрғын "кенеттен басталған геологиялық апаттан" кейін эвакуацияланды.Проблема тек Қытаймен ғана шектеліп отырған жоқ. Ақпан айында жарияланған зерттеуде бүкіл әлем бойынша шамамен 6,3 миллион шаршы шақырым жерге қауіп төніп тұрғаны айтылды. Ең көп зардап шеккен елдер қатарындағы Индонезия астанасы Джакартаның үлкен бөлігі қазір теңіз деңгейінен төмен тұр.Николлстың ойынша, осал қалалар 1970 жылдары жер асты суларын өндіруге тыйым салғанға дейін шамамен 5 мм-ге батқан Токиодан сабақ алулары керек."Шөгуді азайтуға өте байыпты қарау керек, бірақ сіз мұның бәрін тоқтата алмайсыз, сондықтан бұндай жағдайға бейімделуге тиіспіз", - дейді ол.2022 жылы Сингапурда жүргізілген зерттеуге жүгінсек, жағалауларда осындай проблемадан зардап шеккен 44 ірі қаланың 30-ы Азияда орналасқан."Қалалардың жерге кіруіне урбанизация мен халық санының өсуі - тұрғындардың тығыз орналасуы, жер астынан судың көп алынуы себепші", - дейді Род-Айленд университетінің геофизика сарапшысы Мэтт Вэй.Бұл туралы Inbusiness.kz сайты жазады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Су тасқыны: Атырауда су деңгейінің шекті деңгейіне 20 см қалды
11-сынып оқушысы мектеп директорын атып өлтірді
Елдос Сметов - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Шымкентте жаңа туған нәрестесін тастаған әйелге қатысты жаңа ақпарат шықты
Қазақстанда биыл 9 мыңға жуық ерлі-зайыпты ажырасып үлгерген
Ақтауда жас матростар әскери ант қабылдады
Депутат пен бір отбасының мұғалімдері жол апатынан қаза болды
Қазақстан ерлері қай салаларда жұмыс істейді?
Жаңбыр, жел, 32 градус ыстық: 11-13 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Шымкентте шала туған нәрестенің денесін аурухана алдына тастап кеткен
Ыстамбұлдағы іріктеу: Дін-Мұхаммед Қошқар жолдамаға таласады
Орман өртінің алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынды? Экология министрлігі жауап берді
Әлемдегі ауа тазартатын ең ірі зауыт іске қосылды
Абай облысында 133 мектеп Starlink технологиясына қосылады
Ресейдің премьер-министрі сайланды
Алматыда Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған көрме ашылды
Қазақстандықтар қандай аурудан көп көз жұмады
Қазақстанда бір күнге телехабар және радиохабар тоқтатылады
Қазақстанда бір күнге телеарна және радио тоқтатылады
Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары өмірден өтті 19:00
Шымкент пен Қызылорда әуежайларындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын
Жетісулық шенеунік осал топтағы адамдардан тұрақты түрде пара алып отырды деп күдіктелуде
Өлгендерді қорлады деген мәйітхана күзетшісіне қатысты тың дерек шықты
"Өткен өмірім үшін кінәлай берді": Айя Шалқар жеке өміріне қатысты жазба жариялады